Күн жаңалықтары
07.10.2025
Жарияланымдар · 10
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті, тату көршілік және одақтастық қатынастарды нығайтуға айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті.
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, ерекше қонақжайлық көрсеткені үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке ризашылығын білдіріп, бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша, күн тәртібі өзекті екенін айтты.
Премьер-министр ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика үлесін төмендету жөніндегі Президент тапсырмасын орындау бойынша ЖИ енгізуді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қаржы министрі Мәди Такиев пен қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстанда жүктердің қозғалысын қадағалау үшін «Цифрлық жібек жолы» жобасы енгізіледі
Қазақстанда «Цифрлық жібек жолы» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оның шеңберінде барлық жүк тасымалын қадағалап отыруға арналған бірыңғай логистика картасы жасалады. Жоба жүктердің қозғалысына байланысты негізгі деректерді визуализациялауға, жолдар мен бекеттердің жүктемесін анықтауға, республикадағы жол инфрақұрылымын дамыту үшін қосалқы сервистерді талдауға бағытталған, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
2026 жылы электрондық денсаулық паспорттары іске қосылады
Қазақстанда жасанды интеллект енгізіледі және денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау шеңберінде электрондық денсаулық паспорттарын жасайды. Жоба туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтып берді, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
Елімізде дәрігерлердің жалақысы және денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру үш есеге жуық өсті
Мемлекет басшысының медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру және оларды әлеуметтік қолдауды күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде соңғы жеті жылда Қазақстанда дәрігерлердің орташа жалақысы 2,8 есеге өсті. Бұл медициналық сақтандыру жүйесіне көшу қаржыландыруды едәуір арттыруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
Қазақстанда ағзалық донорлықтың дамуы
АҢДАТПА!
Қазақстанда дәрі-дәрмектер үшін бірлесіп төлеу тетігі енгізіледі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа тетігін – дәрілер үшін бірлесіп төлеу жүйесін іске қосуда. Пилоттық жоба 2025 жылы Астана қаласында басталып, қолданыстағы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін толықтырады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 42,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 391 кәсіпорны 9,3 мыңнан астам жұмыскерге 2,2 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 5,5 мыңнан астам фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
ЭЫДҰ-ның білім беру саласындағы зерттеулерінде Қазақстан өз позициясын жақсарта түсті
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүргізген TALIS-2024 сабақ беру және оқытудың халықаралық зерттеуінің нәтижесі бойынша, Қазақстанның білім беру жүйесінде оң өзгерістер байқалды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған білім беру саласын дамыту және педагог мәртебесін арттыру шараларының тиімді жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды Primeminister.kz.