Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

08.10.2025

Жарияланымдар · 13

AI тақырыптары Келешек мектептерінің оқу бағдарламасына енгізілді

Мемлекет басшысының білім беру жүйесіне жаңа технологиялық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізу туралы тапсырмасына сәйкес, «Келешек мектептері» жобасы аясындағы мектептерде «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінің мазмұнына жасанды интеллект тақырыптарын енгізу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы.

17:52Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қаржы министрі Мәди Тәкиевті қабылдады

Президентке республикалық бюджеттің орындалуы және мемлекет қаржысын цифрландыруды ілгерілету жұмыстары жөнінде баяндалды.

17:07Мемлекет басшысының қызметі

Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы құрылды

Мемлекет басшысы «Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы» өкімге қол қойды.

17:03Жаңалықтар

Мен күту парағында тұрған әр адамды түсінемін – өкпе реципиенті Бибігүл Жүкенова

Бибігүл Жүкенова 2016 жылдан бастап күту парағында тұрды. 2019 жылы донор табылып, оған өкпе ауыстыру операциясы жасалды. Ол ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында басынан өткерген оқиғасымен бөлісті.

15:20Жаңалықтар

Мұсылман және христиан дінбасыларының өкілдері қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қолдау білдірді

Исламда өлімнен кейінгі донорлыққа тыйым салынбайды. Шариғат тірі адамның өмірін сақтау үшін қайтыс болған адамның ағзаларын алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы мәлімдеді.

15:10Жаңалықтар

Қазақстанда донорлық ағзаларды бөлу процесі ашық жүргізіледі – Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда ықтимал донор анықталып, туыстарының келісімін алған сәттен бастап транспланттаудың өзіне дейінгі барлық донорлық процесті үйлестірумен ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық айналысады. Орталық аллокацияны, яғни транспланттау орталықтары мен трансплантацияны қажет ететін науқастар арасында донорлық органдарды бөлуді қамтамасыз етеді. Бұл процесс туралы Донорлық органдарды үйлестіру және бөлу департаментінің басшысы Қайрат Иманбаев ОКҚ алаңында айтып берді.

15:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстан мәйіттік донорлықтың Еуропадағы көрсеткіштеріне қол жеткізуді көздеп отыр

Қазақстанда трансплантолог дәрігерлердің саны жеткілікті. Олардың барлығы шетелдік медициналық орталықтарда білімін шыңдап келген. Отандық транспланттау орталықтары да қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. ҚР ДСМ Ұлттық ғылыми онкология орталығының трансплантолог-хирургы Мэлс Асықбаевтың ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде мәлімдегендей, қазір тек донор тапшылығы мәселесі ғана бар.

14:50Жаңалықтар

Биыл 10 мың қазақстандық қайтыс болғаннан кейін ағза доноры болуға келісімін берді

Еліміздегі Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықта 40-тан астам донорлық стационар, 7 транспланттау орталығы, 5 зертхана және медициналық авиация бар. 2013 жылдан бері Қазақстанда мәйіттік донорлық қолданыла бастады. Мәселен, 18 жастан асқан, аурулардың түрлі асқынуына байланысты ми өлімі анықталған азаматтар донор бола алады. Ал, ағза алуына мәжбүрленген, ес-қабілеті дұрыс болмаған, психикалық аурулары бар, қатерлі ісікке және инфекциялық ауруларға шалдыққан азаматтар донор бола алмайды. Бұл туралы ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы директорының міндетін атқарушы Назгүл Жангелдина ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.

14:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Мемлекет басшысы макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық даму сапасын арттыру және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.

14:24Жаңалықтар

345 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқытылды

2025 жылдың басынан бері 345,8 мың азамат, оның ішінде 49 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада барлығы 839,7 мың қазақстандық тіркелген, оның 353,3 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 718,6 мың адам оқудан өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

11:55Жаңалықтар

Түркістан облысында «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті

Дүниежүзілік мақта күніне орай Түркістан облысында фермерлерді, қайта өңдеушілерді, аграрлық ғылым мен бизнес өкілдерін біріктірген ауқымды «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты – отандық мақта саласының жетістіктерін насихаттау, тәжірибе алмасу, заманауи агротехнологияларды таныстыру және жұмысшы мамандықтар жылы аясында үздік ауыл еңбеккерлерін марапаттау, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

11:03Жаңалықтар

Алматы облысында ауызсумен қамту инфрақұрылымы жаңартылып, қамту деңгейі 99,6%-ға дейін өседі

Алматы облысында облыстық маңызы бар 2 қала (Алатау, Қонаев) және аудандық маңызы бар 3 қала (Қаскелең, Есік, Талғар) толықтай орталықтандырылған ауызсумен қамтылған (100%). 368 ауылдық елді мекеннің 344-і немесе 93,5%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Қалған 24 ауылда (6%) жағдай келесідей: 2 ауылда құрылыс жұмыстары жүргізілуде, ал 3 ауылдың тұрғындары жеке ұңғымаларды пайдаланып, орталық жүйеден бас тартқан, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

10:11Аймақтар жаңалықтары

397 мыңнан астам қазақстандыққа мемлекеттік қызметтерді проактивті форматта алу мүмкіндігі туралы SMS хабарламалар жіберілді

Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 397,8 мың адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте 208 мыңнан астам адам өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін пайдаланып үлгерді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:00Жаңалықтар