Күн жаңалықтары
09.10.2025
Жарияланымдар · 10
Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытып, саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырған Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға алғыс айтты. Сонымен қатар Орталық Азия және Ресей арасында шынайы достық пен ынтымақтастықты, стратегиялық серіктестікті нығайтуға үлкен үлес қосқаны үшін Ресей Президенті Владимир Путинге ризашылығын білдірді.
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді
Президенттер Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейіл екендерін растады.
Ресейде Қазақстанның мәдени күндері өтеді
2025 жылғы 10–13 қазан аралығында Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
TurkicSkills 2025 чемпионаты аясында 100-ге жуық ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қазақстанның бастамасымен ұйымдастырылған алғашқы TurkicSkills 2025 кәсіби шеберлік чемпионаты колледждер мен бизнес қауымдастық үшін маңызды ынтымақтастық алаңына айналды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына сапармен барды
Президентті халықаралық әуежайда Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.
Шығыс Қазақстан облысында «Шығыс Салбурыны-2025» атты мерейтойлық халықаралық фестиваль басталды
Шығыс Қазақстан облысында «Шығыс Салбурыны-2025» атты V мерейтойлық халықаралық фестиваль басталды. Дәстүрлі түрде фестиваль Ұлан ауданының Бозанбай ауылында, көркем Бүркіт төбенің етегінде өтуде, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Келесі жылдан бастап шаруалармен су беру бойынша келісімшарттар электронды форматта рәсімделеді
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап суармалы су беру бойынша «Қазсушар» РМК мен су пайдаланушылар арасындағы келісімшарттар тек онлайн форматта жасалады. Бұл шара судың «көлеңкелі нарығына» тосқауыл қою мақсатында қолға алынып отыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Ақтөбе облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен дәрігерлік амбулатория салынды
Ақтөбе облысының Маржанбұлақ ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды. Әлеуметтік нысан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен ауылдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында салынды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстанда 22,7 млн тонна астық бастырылды
Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 14,3 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 88,9%-ы жиналды. Нәтижесінде 22,7 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Елімізде ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші кезеңі басталды
8-10 қазан аралығында Қазақстанда ауыл мектептерінің 9-11(12)-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі өтуде. Олимпиаданың басты мақсаты – ауыл мектептерінің оқушылары үшін тең мүмкіндік қалыптастыру, дарынды әрі академиялық қабілеті жоғары балаларды қолдау және олардың зияткерлік әрі кәсіби дамуына жағдай жасау, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.