Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

10.10.2025

Жарияланымдар · 9

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентімен кездесті

17:32Мемлекет басшысының қызметі

Елімізде жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізімі бекітілді

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізімін бекітті. Оған Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Азия пара ойындарының бағдарламасына енген 65 спорт түрі, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері енгізілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

16:23Жаңалықтар

«Қалалық пабликтер» – бұрмаланған ақпарат пен «жанжал экономикасы». Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымы

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жаңа шығарылымында «жанжал экономикасы» қалайша адам назарын тауарға айналдыратынын, неге жергілікті пабликтерге сене беруге болмайтынын және бұл жүйенің бір бөлігіне айналып кетпеу жолдарын талдап шықты.

16:05Жаңалықтар

Премьер-министр Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының отырысына қатысушылармен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанның төрағалығымен өтіп жатқан Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) басқармасының екінші отырысына қатысушы елдер делегацияларының басшыларымен кездесу өткізді. Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорының қызметіне баса мән береді және аталған ұйымды өңірдегі экологиялық сипаттағы мәселелерді шешудің, трансшекаралық су пайдаланудың ұтымды әрі өзара тиімді құралдарының бірі ретінде қарастырады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

14:33Жаңалықтар

Қазақстан Президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі

Жиынға қатысушыларға ілтипат білдірген Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытып, саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырған тәжік тарапы мен Президент Эмомали Рахмонға алғыс айтты.

14:26Жаңалықтар

Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму жоспары әзірленуде

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Торғай өңірін дамытуға және оның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізу үшін перспективалық жобаларды қарауға арналған жиын өткізді. Оған Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Райымбек Батталов, мемлекеттік органдардың вице-министрлері, бизнес-қоғамдастық өкілдері және тағы да басқалар қатысты, деп хабарлайды ҚР Үлттық экономика министрлігі.

11:31Жаңалықтар

Қызылорда облысындағы ауылдарды сумен қамтуға қайтарылған активтер қаражаты есебінен 2,2 млрд теңге бөлінді

Еліміздің өңірлері тұрғындарын сумен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысының Үкімет алдына қойған басым міндеттерінің бірі. Президенттің тапсырмасы бойынша Қызылорда облысында алты сумен жабдықтау нысанын салу жобаларын жүзеге асыруға Арнаулы мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

10:50Жаңалықтар

Қазақстан Халықаралық TurkicSkills-2025 чемпионатында 6 алтын медаль жеңіп алды

I Халықаралық TurkicSkills-2025 кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жарыстың басты жеңімпазы атанып, түркі елдері арасында техникалық және кәсіптік маман даярлауда көшбасшы екенін дәлелдеді. Еліміздің жүлде қоржыны 6 алтын, 2 күміс медаль және 1 «Үздік медальонмен» толықты. Бұл жеңіс Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы реформалардың нәтижелі жүзеге асып жатқанын айғақтайды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

09:10Жаңалықтар

Бүгін Қазақстан кәсіптік одақтарының күні атап өтіледі

09:04Жаңалықтар