Күн жаңалықтары
03.11.2025
Жарияланымдар · 5
Елімізде 232 жаңа мектеп салынып жатыр
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша білім беру саласында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып келеді. Негізгі мақсат – үш ауысымды оқыту мәселесін шешу, оқушы орындарының тапшылығы мен апатты мектептерді жою, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Алматы қаласында 4,3 мыңнан астам нысан мүгедектігі бар жандарға бейімделген
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Алматы қаласында 4323 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Мемлекеттік қаржыны цифрландыру туралы
АҢДАТПА!
Үкімет Солтүстік Қазақстан облысындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға 1,4 млрд теңге бөлді
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Жұмыстар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынына қарсы құрылыстарды нығайту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүргізілуде, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстандық оқушылар Панамада өткен робототехника чемпионатында төрт дүркін әлем чемпионы атанды
Қазақстан оқушыларының робототехникадан ұлттық құрамасы Панама-Ситиде өткен FIRST Global Challenge (FGC) 2025 Бүкіләлемдік Олимпиадасында биыл қатарынан төртінші жыл айрықша жеңіске жетіп, тағы да тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.