Күн жаңалықтары
04.11.2025
Жарияланымдар · 9
Мемлекет басшысы Qazaq Stroy компаниялар тобының құрылтайшысы Нұрлан Артықбаевты қабылдады
Кездесу барысында құрылыс саласын дамытудың басты бағыттары, сондай-ақ жеке бизнестің инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысу мәселесі талқыланды.
Мемлекет басшысы Беларусь Премьер-министрі Александр Турчинді қабылдады
Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіп кооперациясы және мәдени-гуманитарлық ықпалдастық перспективасы талқыланды.
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында алғаш рет қағаз құю әдісі тәжірибеге енгізіле бастады
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында көне кітаптар мен қолжазбаларды қалпына келтіру ісінде қолмен қағаз құю әдісі тәжірибеге енгізіле бастады. Бұл тәсіл түпнұсқа қағаздың құрамына барынша сәйкес келетін жаңа қағаз түрін жасауға мүмкіндік бере отырып, реставрация барысында жоғалған беттер мен бөліктерді толықтыру үшін қолданылады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Суды үнемдеу және жерасты су ресурстарын басқару
АҢДАТПА!
Елімізде спорт нысандарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында спорт инфрақұрылымын дамыту және бұқаралық спортты қолдау мәселелері қаралды. Онда туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясының бас хатшылары Дэвид Лория, Қазақстан су спорты федерациясы, олимпиада ойындарының чемпионы Дмитрий Баландин, «Сана Спорт» отбасылық спорт орталығының құрылтайшысы Руслан Ахметов баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Премьер-министр 2025 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы туралы: көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізу үшін барлық қажетті жағдай жасалған
Егін жинау науқанының қорытындысы қаралған Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізу үшін барлық қажетті жағдай жасалғанын атап өтті. Жеңілдікпен қаржыландыру көлемі, лизингті қоса алғанда, рекордтық 1 трлн теңгеге жетті. Диқандар тұқымдық материалмен, арзандатылған жанар-жағармаймен және қажетті көлемдегі тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілді. Қабылданған шаралардың және бірлескен жұмыстың арқасында мол өнім алынды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Жануарларды қайта жерсіндіру
АҢДАТПА!
ҚР Қаржы министрлігі бюджет шығыстарын бақылауды күшейту үшін онлайн бюджеттік мониторингті енгізбек
Қазынашылық комитеті, Еңбек және Оқу-ағарту министрліктері жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды күшейтуге бағытталған онлайн бюджеттік мониторинг жүргізіледі. Мұнда үлкен деректерді талдау (big data) қолданылады: қазынашылық, мемлекеттік сатып алулар, бухгалтерлік жоспарлаудан алынған мәліметтер қолданылады. Бұл іске асырылатын шаралардың тиімділігін бағалауға және жоспарланған көрсеткіштерді нақты орындалумен салыстыруға мүмкіндік береді. Осы тәсілдің арқасында шамамен 132 млрд теңгеге, ал өткен жылы – 307 млрд теңгеге тәуекел төлемдерді анықтауға мүмкіндік туды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов айтты.
Қазақстанның мемлекеттік мүлкі енді Tapsyru маркетплейсінде көрсетіледі
ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов ведомство жүзеге асырып жатқан цифрлық жобалар туралы айтты. Атап айтқанда, «Тауарлардың ұлттық каталогы» мемлекеттік деректер базасы құрылуда. Оған қазірдің өзінде 15 млн тауар енгізіліп, ел бойынша бірнеше сауда желісі қосылды. Спикер қазір мемлекеттік сатып алу, кеден, статистика, чектер және электрондық шот-фактуралар саласында көптеген түрлі анықтамалық қолданылатынын атап өтті. Бұл қайталануға, сәйкессіздіктерге әкеледі және тауарларды есепке алуды қиындатады. Бұл мәселені шешу үшін барлық анықтамалықты біртұтас жүйеге біріктіретін мемлекеттік дерекқор әзірленуде.