Қазынашылық комитеті, Еңбек және Оқу-ағарту министрліктері жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды күшейтуге бағытталған онлайн бюджеттік мониторинг жүргізіледі. Мұнда үлкен деректерді талдау (big data) қолданылады: қазынашылық, мемлекеттік сатып алулар, бухгалтерлік жоспарлаудан алынған мәліметтер қолданылады. Бұл іске асырылатын шаралардың тиімділігін бағалауға және жоспарланған көрсеткіштерді нақты орындалумен салыстыруға мүмкіндік береді. Осы тәсілдің арқасында шамамен 132 млрд теңгеге, ал өткен жылы – 307 млрд теңгеге тәуекел төлемдерді анықтауға мүмкіндік туды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов айтты.