Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

05.11.2025

Жарияланымдар · 10

Қазақстан Дохада өткен Әлеуметтік даму жөніндегі екінші дүниежүзілік саммитте әлеуметтік саясат және халықаралық ынтымақтастық саласындағы басымдықтарды таныстырды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев бастаған қазақстандық делегация Қатар Мемлекетінің астанасы Доха  қаласында өткен Әлеуметтік даму жөніндегі екінші дүниежүзілік саммитке қатысты. Іс-шараға жоғары деңгейдегі 180 өкіл, оның ішінде мемлекеттер мен үкіметтер басшылары, министрлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Саммит жұмысына академиялық және іскер топтар, үкіметтік емес ұйымдар да қосылды. Саммиттің басты мақсаты – жаһандық әлеуметтік мәселелерді шешу, сондай-ақ әлеуметтік орнықтылық шараларын нығайту, инклюзивті экономикалық өсуді қамтамасыз ету және БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі стратегияларды талқылау және әзірлеу, деп хабарлайды Primeminister.kz.

17:14Президенттің тапсырмалары

Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды.

15:11Мемлекет басшысының қызметі

2030 жылға қарай суармалы жерлердің 70%-ы су үнемдейтін суару технологияларымен қамтылады

Бүгінде суармалы егіншілікте заманауи су үнемдеу технологияларын енгізуге ерекше назар аударылады. Ауыл шаруашылығы саласы су ресурстарының ең ірі тұтынушысы болып табылады – жалпы су тұтынудың шамамен 65%-ын құрайды. Суарудағы су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелерін кешенді шешу мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігіне АШМ-нің шаруаларға суармалы су қызметтерінің құнын, сондай-ақ суарудың су үнемдеу технологияларын енгізуге арналған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау жөніндегі функциялары берілді. Бұл туралы Жерасты сулары департаментінің директоры Жайық Ерікұлы ОКҚ алаңында хабарлады.

15:00Жаңалықтар

Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтаудың 40%-ы жерасты суларымен қамтамасыз етіледі

Қазақстанда ауыз су және техникалық сумен жабдықтау, суару және басқа да мақсаттар үшін пайдаланылатын 4803 жерасты су кен орны барланды. Мемлекеттік баланста тәулігіне 43,2 млн текше метр пайдалану қорлары есептеледі, оның ішінде тәулігіне 1,5 млн текше метрі ғана пайдаланылады. Мақсаты бойынша шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін тәулігіне 21,2 млн текше метр, өндірістік-техникалық сумен жабдықтау үшін тәулігіне 2,4 млн текше метр, жерді суару үшін тәулігіне 19,6 млн текше метр барланды. Барлық қор толығымен пайдалануға дайын және табиғи жолмен толтырылады. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Жерасты сулары департаментінің директоры Жайық Ерікұлы ОКҚ брифингінде айтты.

14:50Жаңалықтар

Қазақстанда жер асты суларын басқаруды жүйелеу бойынша заңнама ретке келтірілді

Суды үнемдеу және суды үнемдейтін технологияларға көшу экономиканың барлық саласында қажеттілікке айналып отыр. Су ресурстары және ирригация министрлігінің алдында тұрған негізгі міндеттер Мемлекет басшысының 2023 жылғы «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» Жолдауында нақты белгіленген. Дәл осы хабарлама – су ресурстарын басқарудың жаңа тәсілін қалыптастырудың бастапқы нүктесі. Алғашқы қадамдардың бірі саланы дамытудың стратегиялық көзқарасын әзірлеу болды. Бүгінгі таңда басымдықтар, мақсаттар мен негізгі міндеттер Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында бекітілген. Бұл жайында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Жерасты сулары департаментінің директоры Жайық Ерікұлы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

14:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстанға жеткізілген Пржевальский жылқыларының алғашқы тобы табиғи ортаға жіберілді

Қазақстанда Пржевальский жылқысын қайта жерсіндіру жобасы жүзеге асырылып жатыр. Ол Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Прага хайуанаттар бағы, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы, Франкфурт зоологиялық қоғамы, Нюрнберг және Берлин хайуанаттар бақтары, сондай-ақ Венгрияның «Хортобадь» ұлттық паркімен серіктестікте жүзеге асырылуда. Қазақстан мен Чех Республикасы арасындағы алғашқы ынтымақтастық жөніндегі келісімдер 2023 жылы қол жеткізілді. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев ОКҚ брифингінде хабарлады.

12:00Жаңалықтар

Елімізде құлан саны 4,6 мыңнан асады

Қазақстандағы құланды қайта жерсіндірудің тарихы тереңде жатыр және оған 70 жыл толып отыр. ХХ ғасырдың ортасында бұл жануарлар еліміздің аумағынан толықтай жойылып кетті. 1953 жылы Түрікменстандағы қорықтан Барсакелмеске жеті құлан әкелініп, түрді табиғатқа қайта қайтару жөніндегі жүйелі жұмыстың бастамасы болды. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев ОКҚ брифингінде осылай деді.

11:50Жаңалықтар

«Іле-Балқаш» резерватына Нидерландтан екі жолбарыс жеткізілді

Қазақстан Республикасында реинтродукция бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, яғни бұрын жойылып кеткен түрлердің тарихи мекендеу аймақтарындағы популяцияларын қалпына келтіру бағытында шаралар қабылдануда. Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты – экожүйелік байланыстарды нығайту, табиғи кешендердің тұрақтылығын арттыру және биологиялық алуантүрлілікті қамтамасыз ету. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев ОКҚ брифингінде жолбарыстарды жерсіндіру процесі жайында ақпар берді.

11:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Көкшетауда қайтарылған активтер қаражаты есебінен жаңа спорт кешені салынуда

Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Көкшетауда көпфункционалды спорттық-мәдени кешеннің құрылысы аяқталуда. Үкімет осы мақсаттарға Арнаулы мемлекеттік қордан 12,6 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:35Жаңалықтар

Бүгін – Сыртқы барлау күні

09:00Жаңалықтар