Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

06.11.2025

Жарияланымдар · 15

Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық сенатор Стив Дэйнсті қабылдады

23:41Мемлекет басшысының қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық конгрессмендерді қабылдады

23:17Жаңалықтар

Қазақстан Президенті Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады

23:14Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысына қазақстандық ІТ стартаптар таныстырылды

21:33Жаңалықтар

Президент АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және Дональд Трамп Әкімшілігінің басқа да өкілдерімен кездесті

20:11Мемлекет басшысының қызметі

Батыс Қазақстан облысында 70-тен астам инвестициялық жоба іске асырылып жатыр

Премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында индустриялық және әлеуметтік бірқатар инфрақұрылым нысанын аралады. Орал қаласында QazExpoCentre-Pipe және «Кублей» отандық кәсіпорындарын аралау барысында Премьер-министр өңірде инвестиция тарту, АӨК-те қайта өңдеуді кеңейту, сондай-ақ Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында атап көрсеткен міндеттер шеңберінде өндіріске цифрлық технологиялар енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

17:34Жаңалықтар

Жыл басынан бері Қазақстан кітапханаларына 37 миллион оқырман келген

Қазақстанда кітап оқуға деген қызығушылық айтарлықтай артып келеді. Биыл ел бойынша кітапханалар келушілер санының рекордтық көрсеткішін тіркеп отыр. Жыл басынан бері 37 миллион оқырман кітапханаға барған. Соңғы бір айдың өзінде Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына шамамен 13 мың адам жүгінген. Ең белсенді оқырмандар – 17 мен 25 жас аралығындағы жастар, ал 45 жастан асқан келушілердің саны – екі мыңға жуық. Шамамен үш мың адам кітапханаға алғаш рет тіркелген, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

16:35Жаңалықтар

Олжас Бектенов БҚО-ға жұмыс сапары аясында абаттандыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысты

Орал қаласында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру, сондай-ақ су тасқынының алдын алу шаралары жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Атап айтқанда, 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін салынған үйлерді және Жайық өзенінің бойындағы жағалауды нығайту жұмыстарының нәтижесін көрді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:08Жаңалықтар

Жаңа оқу жылында олимпиадалық қозғалысқа 1,5 миллионнан астам қазақстандық оқушы қатысуда

Биылғы оқу жылында оқушылар арасында республика бойынша әртүрлі деңгейдегі 80-нен астам зияткерлік іс-шара өткізіледі деп жоспарланған. Оларға еліміздің барлық өңірінен 1,5 миллионнан астам мектеп оқушыcы қатысуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

15:14Жаңалықтар

Премьер-министр БҚО-да мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Бөрлі ауданында Премьер-министр Қарашығанақ және Чинарев мұнай-газ конденсаты кен орындарына барды. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және олардың жүктемесіне, мұнай-газ саласындағы жергілікті қамту үлесін арттыруға, кадрлар даярлауға және басқа да мәселелерге назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

14:33Аймақтар жаңалықтары

Жетісу облысында жаңбырлатып суару жүйесі қолға алынды

«Агрохолдинг – Жетісу» серіктестігі мал азықтық дақылдарды өсіру мақсатында 1 000 гектардан астам аумаққа жаңбырлатып суару жүйесін енгізуде. Бұл жоба – жемшөп өндіруден бастап, сиыр етін терең өңдеу және дайын өнім шығаруға дейінгі толыққанды өндіріске бағытталған. Инвестициялық бағдарлама үш кезеңнен тұрады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

11:07Жаңалықтар

Қазақстан Арменияға алғашқы азық-түліктік бидай партиясын жөнелтті

Еліміздің ұлттық астық операторы 30 жыл ішінде алғаш рет Армения Республикасына азық-түліктік бидай жеткізді. Бұл Қазақстан мен Әзербайжан президенттерінің келісімдерінің арқасында, Әзербайжан аумағы арқылы транзитті қайта жандандырудың нәтижесінде жүзеге асты, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

10:53Жаңалықтар

«Күлкілі, бірақ ақиқат емес: мемдер манипуляция мен жалған мән-мағынаны қалай жасырады». Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымы

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының кезекті шығарылымында жай суреттің сананы манипуляциялау құралына қалай айналатыны туралы айтылады.

10:00Жаңалықтар

Мүгедектікті белгілеу бойынша 89 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды

2025 жылдың басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 89,5 мың өтінім қаралды. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:17Жаңалықтар

Қазақстан Президенті Вашингтонға сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды.

05:26Жаңалықтар