Еліміздің ұлттық астық операторы 30 жыл ішінде алғаш рет Армения Республикасына азық-түліктік бидай жеткізді. Бұл Қазақстан мен Әзербайжан президенттерінің келісімдерінің арқасында, Әзербайжан аумағы арқылы транзитті қайта жандандырудың нәтижесінде жүзеге асты, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.