Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

07.11.2025

Жарияланымдар · 8

Үкіметте авиациялық хаб құру жөніндегі Президент тапсырмалары аясында Астана әуежайын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының халықаралық авиациялық хаб құру жөніндегі міндеттері шеңберінде Астана қаласының халықаралық әуежайын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиын барысында Премьер-министрге Астана әуежайының ұшу-қону жолағын жоспарлы жөндеу мерзімінің аяқталғаны туралы баяндалды. Жүргізілген жұмыстар инфрақұрылымның сенімділігі мен ұшу қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әуе айлағының материалдық-техникалық базасын одан әрі реконструкциялау және нығайту жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

15:50Жаңалықтар

БҚО-да қайтарылған активтер есебінен 27 әлеуметтік және инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда

Әлеуметтік нысандар салу және реконструкциялау жөніндегі Президент тапсырмасын жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан облысында 27 жобаны іске қосуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

14:40Жаңалықтар

2025 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 529 мыңнан астам қызмет алды

2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 529,1 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: оңалтудың техникалық құралдарына шамамен 389,5 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 9,6 мың – ымдау тілі қызметін, 26 мың – жеке көмекшінің, 104 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуеттік қорғау министрлігі.

09:39Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақ үйде тарихи кездесу ұйымдастырғаны үшін АҚШ Президентіне алғыс айтып, С5+1 форматындағы саммит шын мәнінде Орталық Азия мен Құрама Штаттар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашқанына назар аударды.

07:45Жаңалықтар

Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Ақ үйдегі кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті.

07:07Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен келіссөз жүргізді

Ақ үйдегі кездесуде Мемлекет басшысы Вашингтонға сапармен келуге шақырғаны және қазақстандық делегацияға көрсеткен қонақжай көңілі үшін АҚШ Президентіне ризашылық білдірді.

05:33Жаңалықтар

Қазақстан Президенті америкалық танымал басылымдарға сұхбат берді

Мемлекет басшысы АҚШ-қа сапары барысында The Washington Post және The New York Times секілді америкалық танымал басылымдарға сұхбат берді.

02:58Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев John Deere компаниясының ТМД және Орталық Азия елдері бойынша президенті Чабо Лейкомен кездесті

Қазақстан Президенті John Deere компаниясымен серіктестікті заманауи және тиімді ауыл шаруашылығы кешенін дамытуға ортақ ұмтылысты көрсететін өндірістік кооперацияның табысты үлгісі деп атады.

00:40Мемлекет басшысының қызметі