«Агрохолдинг – Жетісу» серіктестігі мал азықтық дақылдарды өсіру мақсатында 1 000 гектардан астам аумаққа жаңбырлатып суару жүйесін енгізуде. Бұл жоба – жемшөп өндіруден бастап, сиыр етін терең өңдеу және дайын өнім шығаруға дейінгі толыққанды өндіріске бағытталған. Инвестициялық бағдарлама үш кезеңнен тұрады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.