ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов ведомство жүзеге асырып жатқан цифрлық жобалар туралы айтты. Атап айтқанда, «Тауарлардың ұлттық каталогы» мемлекеттік деректер базасы құрылуда. Оған қазірдің өзінде 15 млн тауар енгізіліп, ел бойынша бірнеше сауда желісі қосылды. Спикер қазір мемлекеттік сатып алу, кеден, статистика, чектер және электрондық шот-фактуралар саласында көптеген түрлі анықтамалық қолданылатынын атап өтті. Бұл қайталануға, сәйкессіздіктерге әкеледі және тауарларды есепке алуды қиындатады. Бұл мәселені шешу үшін барлық анықтамалықты біртұтас жүйеге біріктіретін мемлекеттік дерекқор әзірленуде.