Күн жаңалықтары
28.11.2025
Жарияланымдар · 4
Салық салу: 2026 жылдан бастап шағын бизнес үшін не өзгереді
2026 жылдың қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Жеңілдетілген декларация шеңберінде шағын бизнеске арналған бірыңғай біріктірілген режим енгізіледі. Бұл режим қазір қолданылып жүрген екі тәртіпті – жеңілдетілген декларация мен бөлшек салығын – біріктіреді. Жылдық шекті кіріс 600 мың АЕК-ке немесе 2,4 млрд теңгеге дейін болуға тиіс. Сонымен қатар жалдамалы қызметкерлер санына шектеу қойылмайды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев мәлімдеді.
ШОБ шығаратын өнім көлемі жарты жылда 25%-ға өсті
Кәсіпкерлікті дамыту – сапалы жұмыс орындарын құрудың, жаңа нарық сегменттерін қалыптастырудың және бәсекелестікті дамытудың негізгі факторы. Соңғы жылдары шағын және орта бизнестің (ШОБ) дамуының оң динамикасы байқалады. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында ШОБ-тың ЖІӨ-дегі үлесі 39,8% болды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев мәлімдеді.
Жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік инспекторлар 1 300-ден астам тексеру жүргізді
2025 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 1 356 тексеру жүргізді, оның 461-і жоспардан тыс, 558 – профилактикалық бақылау аясында, 337 – прокуратураның талабы бойынша өтті. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 701 ұйғарым берілді, 79,7 млн теңгеден астам сомаға 349 айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қостанай облысының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,2 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде өңірлерде халықты үздіксіз жылу және сумен қамтамасыз ету үшін энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша жұмыс жалғасуда. Қостанай облысындағы жылу желілерін реконструкциялауды аяқтауға Үкімет резервінен шамамен 2,2 млрд теңге бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.