Күн жаңалықтары
27.11.2025
Жарияланымдар · 17
Қызылордада оқушылар арасында алғаш рет республикалық «JuniorSkills-2025» кәсіби шеберлік конкурсы өтті
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қызылорда облысында республкиалық «JuniorSkills-2025» жасөспірімдерге арналған кәсіби шеберлік сайысы ұйымдастырылды. Оған еліміздің 8 өңірінен, яғни Алматы қаласынан және Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Шымкент, Түркістан мен Қызылорда облыстарынан 9 сынып оқушылары қатысты. Байқау «Ағаш ұстасы», «Кондитерлік іс», «Сән технологиясы», «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», «Мобильді робототехника» құзыреттіліктері бойынша өтті, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Үкіметтің халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылы жаңа деңгейге көтерілді
Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен (МҚҰ) ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Дүниежүзілік банктің (ДБ), Халықаралық қаржы корпорациясының (ХҚК), Азия даму банкінің (АДБ), Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ), Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ), Ислам даму банкінің (ИДБ) өкілдері қатысты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үйлестіру кеңесіне Премьер-министр басшылық етті. Кеңес құрамына сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ерболат Досаев, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев енді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Президент Түркіменстанмен қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы Заңға қол қойды
Елдегi бизнес-климатты дамыту бойынша жүргізілiп жатқан шаралар
АҢДАТПА!
ҚР Энергетика министрлігі: қоймаларда 5,6 млн тонна көмір жиналды
Қазіргі жылыту маусымы тұрақты өтіп жатыр. Туындаған технологиялық ақаулар белгіленген нормативтік мерзімдерде жойылуда. Биыл электр станцияларында 10 энергоблок, 63 қазандық және 39 турбинаны жөндеу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 9 энергоблок, 56 қазандық және 37 турбинаны жөндеу аяқталды – бұл жылдық жоспардың шамамен 95%-ын құрайды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының м.а. Илья Рожков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
ҚР ТЖМ жылыту маусымы кезеңінде өрттің алдын алу бойынша күшейтілген жұмысты жалғастыруда
Профилактикалық іс-шаралар жылыту маусымы басталғанға дейін алдын ала жүргізілді. Бұл жұмыстың басты мақсаты –тұрғын үй секторындағы өрттердің санын азайту және адам өліміне жол бермеу. Республикалық өрт қауіпсіздігі профилактикалық айлығы аяқталды. Оның аясында жергілікті атқарушы органдардың, волонтерлердің, бұқаралық ақпарат құралдар мен жұртшылықтың қатысуымен ауқымды жұмыс ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысына қатысты.
Алатау қаласының даму бағыттары айқындалды
Алматы облысындағы жаңа өсу нүктелері – Қонаев және Алатау қалалары. Соңғы жылдары Қонаев қаласында 39 шақырым жол жөнделіп, 50 жаңа аялдама орнатылды, 73 шақырым электр желілері және 26 шақырым су құбыры тартылды, 11 трансформатор жаңартылып, 65 нысан абаттандырылды. Бұл жайлы өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Алматы облысында мәдениет пен спорт салаларына ерекше назар аударылады
Алматы өңірінде білім беру, спорт және креативті индустрияны дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағытта Нью-Йорк кино академиясының филиалы ашылып, шығармашылық адамдарға жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Академия 200 студентке арналған, оқу америкалық бағдарлама бойынша 5 бағытта (Киноөндіріс, Сценарий және актерлік шеберлік, Ойын дизайны, 3D-анимация) жүргізіледі. Қазіргі таңда 60 студент білім алуда, оның ішінде Африка және Еуропа елдерінен келген студенттер бар. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конфенренциясында айтты.
Жыл соңына дейін Алматы облысында 6 мектеп ашылады
Соңғы үш жылда Алматы өңірінде барлық салада 176 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 57 мыңнан 19 мыңға дейін, яғни 3 есе азайды. Өңірде ерекше қажеттіліктері бар балаларға кешенді көмек көрсету саласында да маңызды нәтижелер бар. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің ОКҚ брифингінде айтуы бойынша, қазір өңірде баламасы жоқ «Ақжол-М» балаларды оңалту орталығы жұмыс істеп жатыр. Орталықты жабдықтауға «Қазақстан Халқына» қоры тарапынан 1 млрд-қа жуық қаражат бөлінген.
Биыл Алматы облысында тұратын 1700 әлеуметтік осал топтағы отбасыға үй беріледі
Алматы облысында құрылыс қарқыны жоғары. 2025 жылдың 10 айында бұл көрсеткіш 21%-ға өсіп, 948 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2023-2024 жылдары 1585 отбасы баспанамен қамтылса, биыл 1700 әлеуметтік осал топтағы отбасыға үй берілмек. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарлама аясында Балхаш, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Кеген және Ұйғыр шалғай аудандарының ауылдарында мемлекет тарапынан жаңа үйлерді салу және сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деді.
Биыл Алматы облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 750 млрд теңгеден аспақ
Алматы өңірінде ауыл шаруашылығын дамыту – облыстың басым бағыттарының бірі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 682 млрд теңгеге жетіп, өңірлік өнімнің 7%-ын құрады. Биыл бұл көрсеткіш 3,3% өсіммен 751 млрд теңге көлемінде жоспарланған. Бұл жайында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Алматы облысының экономикасы негізгі бағыттар бойынша тұрақты өсім көрсетіп келеді
Алматы облысының жалпы өңірлік өнім көлемі үш жылда 3,4 трлн теңгеден 6 трлн теңгеге дейін өсіп, республика бойынша 10-орыннан 5-орынға көтерілді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша облыстың республикадағы жалпы ішкі өнімдегі үлесі 4,4%-ға жетсе, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 4,8%-ды құрады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алааңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Қазақстан мен Өзбекстан жаңа авиамаршруттар мен Жібек жолы бойынша бірлескен турлар ашады
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туризм және көлік байланыстарын дамыту жөніндегі жұмыстар күшейтілді. Көлік министрлігі тарапынан үш жаңа әуе бағыты іске қосылады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстанда суару суын жеткізуге арналған электронды келісімшарттар жасасу жүйесі сынақтан өткізіліп жатыр
Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты Ақпараттық-талдау орталығы Су тұтынуды ерте болжау жүйесінің (СТЕБЖ) бір бөлігі саналатын «Биллинг» модулін әзірледі. Жүйе тұтынушылар мен «Қазсушар» РМК арасындағы су жеткізуге өтініш беру, келісімшарт жасасу және есеп айырысу процестерін цифрландыруға бағытталған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
208 мыңнан астам қазақстандық арнайы мемлекеттік жәрдемақы алады
Қазақстанда ел алдындағы айрықша еңбегі үшін немесе төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек ретінде республикалық бюджеттен ай сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, оның алушыларының саны 207 780 адамды құрады, оларға 22,3 млрд теңге төленді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.