Қазіргі жылыту маусымы тұрақты өтіп жатыр. Туындаған технологиялық ақаулар белгіленген нормативтік мерзімдерде жойылуда. Биыл электр станцияларында 10 энергоблок, 63 қазандық және 39 турбинаны жөндеу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 9 энергоблок, 56 қазандық және 37 турбинаны жөндеу аяқталды – бұл жылдық жоспардың шамамен 95%-ын құрайды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының м.а. Илья Рожков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.