Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

26.11.2025

Жарияланымдар · 11

Сhocolatine Кazakhstan–2025: Түркістанда Орта Азияның үздік наубайшылары анықталды

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері мен өндірістік оқыту шеберлері арасында «Сhocolatine Кazakhstan–2025» халықаралық байқауы өтті, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

17:13Аймақтар жаңалықтары

Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютер ресурстарын пайдалану бойынша өтінім қабылдайтын платформа іске қосылды

Мемлекет басшысының ауқымды цифрландыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ұлттық суперкомпьютерлік кластер ресурстарын пайдалану бойынша өтінім беруге арналған Alem.Cloud платформасын таныстырды. Alem.Cloud суперкомпьютері әлемдегі ең қуатты жүйелердің TOP-500 рейтингіне еніп, 86-орынды иеленді. Бұл оның өңірдегі ең ірі есептеу орталығы ретіндегі мәртебесін растайды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

17:04Жаңалықтар

Цифрлық штаб Digital Qazaqstan-ның Кең ауқымды цифрландыру стратегиясының моделін бекітті

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Цифрлық штабтың отырысын өткізді. Онда Digital Qazaqstan-ның экономиканың барлық салаларын трансформациялауға арналған Кең ауқымды цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын жаппай енгізу стратегиясының жүзеге асыру моделі қаралып, бекітілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:08Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда медицина қызметкерлерін қолдау кеңеюде

2025 жылдың 10 айында әлеуметтік қолдау шараларымен 1326 дәрігер, оның 801-і ауылдық жерлерде қамтылды. Ең тиімді мысалдардың бірі – Жетісу облысы, онда ауылға келген дәрігерлерге 10 млн теңгеден төленеді. Бұл өңірдің кадрлық тұрақтылығын едәуір күшейтті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

15:23Жаңалықтар

Жылыту маусымының өту барысы туралы

АҢДАТПА!

14:31Баспасөз хабарламалары

Қазақстандық мектептерде болашақ ғалымдарды тәрбиелеу үшін ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы құрылуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес балалардың ерте жастан ғылымға қызығушылығын арттыру, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова және ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының басқарма төрағасы Ақылбек Күрішбаев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

11:45Президенттің тапсырмалары

Энергетика министрлігі мен PowerChina зерттеу орталығын құрады

Қытайдың PowerChina компаниясы энергетикалық ауысу жобаларын тиімді жүзеге асыруға арналған, машиналық оқыту мен жасанды интеллект технологияларына негізделген жаңа цифрлық платформасын таныстырды. ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов PowerChina Chengdu компаниясының өкілдерімен кездесті. Басқосуда тараптар цифрландыру, «ақылды» құрылыс және жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағыттарындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

10:57Жаңалықтар

Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

АҢДАТПА!

10:12Баспасөз хабарламалары

Биыл @TazaQazBot телеграм-чат-боты арқылы 24 мыңнан астам өтінім түсті

Телеграм-чат-бот 2024 жылдың маусым айында іске қосылды. Бұл сервис ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан қоғамдық бақылауды күшейту және азаматтарды экологиялық мәселелерді шешуге тарту мақсатында құрылған. Платформа ел тұрғындарына әртүрлі экологиялық мәселелер бойынша өтініштер мен шағымдарды жылдам және ыңғайлы жолмен жолдауға мүмкіндік береді. Өтініш беру үшін авторизациядан өтіп, фото тіркеп, мекенжайды көрсетіп, мәселені қысқаша сипаттау жеткілікті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

10:06Жаңалықтар

2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 285 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 53 мың отбасындағы 285,1 мың адамға 27,1 млрд теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 98,4 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:19Жаңалықтар

Жаңа жобаларды жүзеге асыру кезінде жолдарды жөндеу цифрлық теңге арқылы қаржыландырылады

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мемлекеттік қаржы саласына цифрлық теңгені енгізу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысын өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:05Жаңалықтар