Мемлекет басшысының ауқымды цифрландыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ұлттық суперкомпьютерлік кластер ресурстарын пайдалану бойынша өтінім беруге арналған Alem.Cloud платформасын таныстырды. Alem.Cloud суперкомпьютері әлемдегі ең қуатты жүйелердің TOP-500 рейтингіне еніп, 86-орынды иеленді. Бұл оның өңірдегі ең ірі есептеу орталығы ретіндегі мәртебесін растайды, деп хабарлайды Primeminister.kz.