Телеграм-чат-бот 2024 жылдың маусым айында іске қосылды. Бұл сервис ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан қоғамдық бақылауды күшейту және азаматтарды экологиялық мәселелерді шешуге тарту мақсатында құрылған. Платформа ел тұрғындарына әртүрлі экологиялық мәселелер бойынша өтініштер мен шағымдарды жылдам және ыңғайлы жолмен жолдауға мүмкіндік береді. Өтініш беру үшін авторизациядан өтіп, фото тіркеп, мекенжайды көрсетіп, мәселені қысқаша сипаттау жеткілікті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.