Профилактикалық іс-шаралар жылыту маусымы басталғанға дейін алдын ала жүргізілді. Бұл жұмыстың басты мақсаты –тұрғын үй секторындағы өрттердің санын азайту және адам өліміне жол бермеу. Республикалық өрт қауіпсіздігі профилактикалық айлығы аяқталды. Оның аясында жергілікті атқарушы органдардың, волонтерлердің, бұқаралық ақпарат құралдар мен жұртшылықтың қатысуымен ауқымды жұмыс ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.