Соңғы үш жылда Алматы өңірінде барлық салада 176 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 57 мыңнан 19 мыңға дейін, яғни 3 есе азайды. Өңірде ерекше қажеттіліктері бар балаларға кешенді көмек көрсету саласында да маңызды нәтижелер бар. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің ОКҚ брифингінде айтуы бойынша, қазір өңірде баламасы жоқ «Ақжол-М» балаларды оңалту орталығы жұмыс істеп жатыр. Орталықты жабдықтауға «Қазақстан Халқына» қоры тарапынан 1 млрд-қа жуық қаражат бөлінген.