Күн жаңалықтары
19.12.2025
Жарияланымдар · 14
Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
АҢДАТПА!
Қазақстан Президенті БҰҰ университетінде дәріс оқыды
Қасым-Жомарт Тоқаев Токио қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы университетіне барып, «Дүрбелеңге толы дәуірдегі стратегиялық сенімді қалпына келтіру: әділетті әрі тұрақты әлем құру жолындағы Қазақстанның ұстанымы» тақырыбында дәріс оқыды.
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
АҢДАТПА!
Қасым-Жомарт Тоқаев Hitachi Construction Machinery компаниясының президенті Масафуми Сэнзакиді қабылдады
Кездесу барысында қазақстандық тау-кен кәсіпорындарының жапондық компаниямен ынтымақтастығын кеңейту перспективасы қаралды.
Павлодар облысында «Қауіпсіз қала» жобасында ЖИ алгоритмдері қолданылады
ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов «Қауіпсіз қала» жобасы туралы айтып, оны іске асыруға бюджеттен 9 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. Аталған жоба жол және қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге, көшедегі қылмыс деңгейін төмендетуге және жол-көлік оқиғаларының санын қысқартуға бағытталған.
Павлодар облысының барлық тұрғыны ауыз сумен қамтылды
Биыл Павлодар облысында 26,2 млрд теңгеге 37 шақырымнан астам жылу желілерін салу, қайта құру және жөндеу жұмыстары жүзеге асты. Бұл жұмыстар апаттық жағдайлардың алдын алып, тозу деңгейін барынша төмендетуге және 200 мыңға жуық тұрғынды сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Облыс халқы 100% сапалы ауыз сумен толық қамтылды. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.
Биыл павлодарлық шаруалар 1,1 млн тонна астық жинады
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында өңірдегі бірқатар саланың даму жайына тоқталып өтті. Өңір ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі бойынша елде көш бастап тұр. Биыл бұл көрсеткіш 225 млрд теңгеге жеткізілмек. Нәтижесінде диқаншылар рекордтық 1,1 млн тонна астық жинады. Саланың дамуы азық-түлік бағаларының тұрақты сақталуына септігін тигізіп отыр.
2025 жылы Павлодар облысына 1 трлн теңге инвестиция тартылды
Биыл Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері тұрақты өсімге ие. Өңірге 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Осы нәтижемен өңір республика бойынша 2-орынға шықты. Тартылған қаражаттың 80%-ы – жеке сектордың қаражаты. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ОКҚ брифингінде хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Komatsu компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хироюки Огаваны қабылдады
Кездесуде Мемлекет басшысы Komatsu компаниясы еліміздің тау-кен инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан сенімді әрі уақыт тезінен өткен серіктесі саналатынын атап өтті.
Қазақстан Президенті Mitsui компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Тацуо Ясунагамен кездесті
Президент Қазақстандағы белсенді қызметі және Жапониямен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Mitsui басшылығына ризашылығын білдірді.
Мемлекет басшысы Жапония металл және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі ұйымының (JOGMEC) төрағасы Ичиро Такахаруды қабылдады
Кездесуде геологиялық барлау, аса маңызды минералдарды өндіру және өңдеу, сондай-ақ табиғи ресурстарды орнықты басқару бағыттарындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.
Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президенті Шинго Уэноны қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Токиода Жапонияның ірі және ықпалды сауда-инвестициялық корпорациясының бірі саналатын Sumitomo жетекшісімен кездесті.
Өнеркәсіп министрлігі өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқынын қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасын әзірлейді
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша болжам және 2026 жылы экономикалық өсуді қолдаудың тәсілдері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юрико Коикэ цифрландыру, Smart city технологияларын және қаланы орнықты дамыту, жасанды интеллект, шаһарды басқару ісіне инновациялық шешімдерді енгізу салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар мегаполистердің тұрғындары мен қонақтары үшін анағұрлым жайлы, экологиялық тұрғыдан таза, қауіпсіз және инклюзивті орта қалыптастыру жайын қарастырды.