Биыл Павлодар облысында 26,2 млрд теңгеге 37 шақырымнан астам жылу желілерін салу, қайта құру және жөндеу жұмыстары жүзеге асты. Бұл жұмыстар апаттық жағдайлардың алдын алып, тозу деңгейін барынша төмендетуге және 200 мыңға жуық тұрғынды сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Облыс халқы 100% сапалы ауыз сумен толық қамтылды. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.