Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

06.01.2026

Жарияланымдар · 7

Қазақстандағы Цифрландыру және ЖИ жылы: Үкімет жұмысының басым бағытын белгіледі – экономиканың барлық салаларына технологияларды енгізу

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту мәселесі қаралды. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

17:26Президенттің тапсырмалары

Үкіметте жекеменшік білім беру және медициналық ұйымдарды мемлекеттік қаржыландыру жүйесін реформалау жөнінде жиын өтті

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты бағдарламалық сұхбатында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде жекеменшік білім беру және медициналық ұйымдарды мемлекеттік қаржыландыру жүйесін реформалау жөнінде жиын өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:57Президенттің тапсырмалары

Асқар Мұстабеков қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

15:41Мемлекет басшысының қызметі

Президент 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды

15:31Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен жұмыс кеңесін өткізді.

11:06Мемлекет басшысының қызметі

Арнайы су пайдалануға рұқсат алу толықтай цифрлық форматқа көшірілді

Жаңа жылдан бастап азаматтар арнайы су пайдалануға рұқсатты Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі (СРҰАЖ) арқылы ала алады. Жаңа Су кодексіне сәйкес бұл мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

11:01Жаңалықтар

Қазақстанда креативті индустрияны мемлекеттік қолдау қағидалары бекітілді

Қазақстанда креативті индустрия субъекттерін мемлекеттік қолдау және ынталандыру қағидалары бекітілді. Жаңа құжат саланы дамытудың жүйелі әрі ашық тәсілін қалыптастырып, креативті жобалардың идея мен пилоттық шешімдерден бастап, халықаралық нарықтарға шығу және коммерцияландыруға дейінгі кезеңін қамтиды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

10:11Президенттің тапсырмалары