Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

19.01.2026

Жарияланымдар · 11

Инфрақұрылым, заң үстемдігі және адами капитал: Президенттің Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмалары қалай жүзеге асырылуда

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік бағытын жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың төрт отырысы барысында айтқан бастамаларын жүзеге асыру елді трансформациялаудың негізгі тетіктерінің бірі болды. Бастамаларды нақты жүзеге асыру үшін заңнамалық база қамтамасыз етілді, 26 заң қабылданды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

17:20Жаңалықтар

Ұлттық құрылтайдың секция отырысында әлеуметтік-мәдени дамудың өзекті мәселелері талқыланды

Қызылордада V Ұлттық құрылтай аясында «Әлеуметтік-мәдени даму» секциясының отырысы өтті. Отырыс жұмысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалық етті. Талқылауға Парламент депутаттары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты. Жиынды ашқан Аида Балаева Ұлттық құрылтайдың қоғам үшін маңызы зор, тұрақты әрі жүйелі диалог алаңына айналғанын атап өтіп, онда ел дамуының ұзақмерзімді бағыт-бағдары айқындалып, өзекті әлеуметтік мәселелер кеңінен талқыланатынын жеткізді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

16:46Жаңалықтар

Аралық қорытындылар: 36 мың адам қаңтар ҰБТ-сын тапсырды

2026 жылғы 10 қаңтарда басталған ҰБТ-дан бүгінгі күнге дейін 36 мыңнан астам адам өтті. Талапкерлердің 64%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 36%-ы орыс тілінде және 52 адам ағылшын тілінде тапсырды. Бірінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 60,3%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 57 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 131 балл, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

16:00Жаңалықтар

Үкімет Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын мақұлдады

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы қаралған жиын өткізді. Кешенді жоспарда мал басын өсіруге, өнімділікті арттыруға және экспорттық әлеуетті кеңейтуге бағытталған саланы мемлекеттік қолдаудың тәсілдері мен тетіктері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

15:12Жаңалықтар

Қазақстанның барлық автожолдарында мобильді байланыс пайда болады

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен «Транстелеком» АҚ (ТТС) Қазақстан автожолдарының бойында тұрақты мобильді интернет пен байланысты қамтамасыз ететін телекоммуникациялық инфрақұрылым салу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

14:49Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдерді талқылады

Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

13:10Мемлекет басшысының қызметі

«Таза Қазақстан»: 2025 жылы ШҚО-да 127 экологиялық іс-шара өткізілді

Шығыс Қазақстан облысында табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасы сәтті жүзеге асырылуда, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

12:08Жаңалықтар

Үкіметте инфляцияны тұрақтандыру шаралары талқыланды

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жаңа жылдағы инфляцияны тұрақтандыру мәселелері жөніндегі алғашқы кеңес өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

11:09Жаңалықтар

Қазақстанда 27 мыңнан астам нысан мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда әлеуметтік инфрақұрылымның 27 307 нысаны толықтай бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

10:32Президенттің тапсырмалары

Қызылорда облысында өңірдің әлеуметтік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қызылорда қаласында өңірдің әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды. Кеңеске облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, сондай-ақ салалық министрліктердің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:07Аймақтар жаңалықтары

Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді

Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

09:00Мемлекет басшысының қызметі