2026 жылғы 10 қаңтарда басталған ҰБТ-дан бүгінгі күнге дейін 36 мыңнан астам адам өтті. Талапкерлердің 64%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 36%-ы орыс тілінде және 52 адам ағылшын тілінде тапсырды. Бірінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 60,3%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 57 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 131 балл, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.