Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

16.02.2026

Жарияланымдар · 13

Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

18:00Жаңалықтар

Мемлекет басшысы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттады

Ақордада UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысынан жүлделі оралған командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

17:25Мемлекет басшысының қызметі

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмаларын орындау аясында өнеркәсіптік және цифрлық инфрақұрылым салаларындағы жобалардың жүзеге асырылу барысын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы бойынша жұмыс сапары аясында Президенттің экономиканы әртараптандыру және технологиялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес елорданың негізгі индустриялық және цифрлық даму жобаларының жүзеге асырылу барысын тексерді. Өндірістік әлеуетті нығайтуға, заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге және қаланың цифрлық жүйелерінің тұрақтылығын арттыруға ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

17:03Президенттің тапсырмалары

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы

АҢДАТПА!

16:42Баспасөз хабарламалары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Ресей сан қырлы қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын достық әрі өзара сенім сипатында талқылады.

16:21Мемлекет басшысының қызметі

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар 48 мыңнан астам қызмет алды

2026 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 48,7 мың тапсырысы орындалды: шамамен 35,4 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 3,6 мың – ымдау тілі қызметін, 9,1 мың – жеке көмекшінің, 576 – шипажайлық-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

15:29Президенттің тапсырмалары

Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев сумо спортының отаны Жапонияда зор жетістікке жеткен қазақстандық балуан Ерсін Балтағұлмен кездесті.

14:34Мемлекет басшысының қызметі

Премьер-министр Астананың энергетикалық инфрақұрылымын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы бойынша жұмыс сапары барысында ЖЭО-3-ке барып, Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында алға қойған жаңа қуат көздерін жаңғырту және іске қосу жөніндегі міндеттері шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымның дамуын тексерді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

12:33Президенттің тапсырмалары

Энергетика министрлігінің өкілі көмір генерациясы бойынша ұлттық жобан іске асыру туралы айтты

Энергетика министрлігі саланы 2035 жылға дейін дамыту және жаңғырту жоспарын ұсынды. Атап айтқанда, 2035 жылға дейін 26 ГВт қуатты енгізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 8 ГВт-тан астамы – жаңартылатын энергетикаға, 10 ГВт-тан астамы – жаңа станциялар салуға, соның ішінде атом станциясына тиесілі. Бұл бағыттағы жұмыс Атом энергиясы агенттігімен бірге жүргізілуде. 5 ГВт-тан астамы қолданыстағы станцияларды жаңғырту мен кеңейтуге қарастырылған. Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

11:50Жаңалықтар

Қазір ЖЭО-ларда 4,5 млн тоннадан астам көмір қоры бар

Ағымдағы күзгі-қысқы кезең тұрақты өтуде. Тұтынушылар электр және жылу энергиясымен толық көлемде қамтамасыз етілген. Электр станциялары Жүйелік оператор бекіткен режимге сәйкес жұмыс істеуде. Биыл қажетті жөндеу жұмыстары уақытылы жүргізілді. Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

11:40Жаңалықтар

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15-25 ақпан аралығында жүргізіледі. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

10:21Жаңалықтар

2026 жылы Қазақстанда 90 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде

ҚР Оқу-ағарту министрлігі апатты, үшауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Биыл 47 мыңға жуық оқушы орнына арналған 90 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

09:51Президенттің тапсырмалары

Астанада Өңірлік экологиялық саммит аясында энергоауысым мәселелері талқыланады

2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астана қаласында алғаш рет Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Іс-шараның негізгі алаңдарының бірі, ҚР Энергетика министрлігінің ұйымдастыруымен Орталық Азиядағы әділ энергетикалық көшуге арналған панельдік сессия болмақ, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

09:27Президенттің тапсырмалары