Күн жаңалықтары
18.02.2026
Жарияланымдар · 7
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичиді Жапонияның Премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.
Ара шаруашылығы – агроэкспортты дамытудың жаңа күшіне айналмақ
Қазақстанда ара шаруашылығы қарқынды даму жолына түсіп, ауыл шаруашылығы саласының табысты әрі стратегиялық маңызы зор бағыттарының біріне айналып келеді. Былтыр балды шетелге шығару көлемі 2,5 есеге артып, отандық өнімге халықаралық сұраныстың жоғары екенін дәлелдей отырып, сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігін кеңейтті, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барады
18-19 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен барады.
Астанада «Түркі әлемінің балалар ойындары халықаралық фестивалі» өтіп жатыр
Астанада 9–13 жас аралығындағы оқушыларға арналған «Түркі әлемінің балалар ойындары халықаралық фестивалі» өтіп жатыр. Шараны ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Түркия Республикасының Білім министрлігі бірлесе ұйымдастырды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қосымша медициналық білім беру ұйымдарын бақылауды күшейтуде
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесін қалыптастырудың жаңа қағидаларын бекітті. Қабылданған шаралар медициналық кадрларды даярлау сапасын арттыруға және білім беру алаңдарын бақылауды күшейтуге бағытталған. Енді ұйымдардың тізбесін уәкілетті орган: дәрігерлерді оқытуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін және орта медициналық персоналды даярлауды қамтамасыз ететін ұйымдар үшін екі бағыт бойынша бөлек қалыптастырады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстан су қоймаларында тасқын суды қабылдауға арналған бос сыйымдылық 14,3 млрд текше метрді құрайды
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанның солтүстік, орталық, батыс және шығыс өңірлеріндегі су қоймаларында бос сыйымдылықты қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал оңтүстік аймақтардағы су қоймалары су жинау режимінде жұмыс істеуді бастап кетті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 395 млн теңгеден астам сомасында зейнетақы төленді
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 395,2 млн теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 131,3 млн теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 263,9 млн теңге қарастырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.