Қазақстанда ара шаруашылығы қарқынды даму жолына түсіп, ауыл шаруашылығы саласының табысты әрі стратегиялық маңызы зор бағыттарының біріне айналып келеді. Былтыр балды шетелге шығару көлемі 2,5 есеге артып, отандық өнімге халықаралық сұраныстың жоғары екенін дәлелдей отырып, сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігін кеңейтті, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.