Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

23.02.2026

Жарияланымдар · 10

Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен телефон арқылы сөйлесті

Грузия тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында өзара қарым-қатынастың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды.

17:07Жаңалықтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады

Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру басталды. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының бірі. Іс-шаралар жоспарын Премьер-Министр Олжас Бектенов бекітті, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

15:16Президенттің тапсырмалары

Президент Astana Team балалар хоккей командасын халықаралық жарысында жеңіске жетуімен құттықтады

Президент Astana Team балалар хоккей командасын Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық жарысында жеңіске жетуімен құттықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

15:06Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады

Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды.

15:01Жаңалықтар

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында геологиялық барлау саласындағы 20 жобаны қаржыландыруды мақұлдады

ҚР Президентінің жер қойнауын зерделеу және еліміздің минералдық-шикізат базасын толықтыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет резервінен 2026 жылы кешенді геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге 40,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді. Тиісті қаулыға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

14:58Президенттің тапсырмалары

Президент Жапония Императорының туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында жандана беретініне сенім білдірді.

14:31Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрі Гела Геладзені қабылдады

Әңгімелесу барысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

12:51Мемлекет басшысының қызметі

Шымкентте фармацевтикалық өндірісті кеңейту үшін 39,5 млрд теңге жеке инвестициялар бағытталады

Мемлекет басшысының фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ арасында «Халықты неғұрлым қолжетімді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының фармацевтика индустриясындағы отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін ұлғайту» жобасы бойынша жасалған Инвестициялар туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

10:58Аймақтар жаңалықтары

Ұлттық гидрогеологиялық қызмет Қазақстан аумағында 700-ден астам бұлақ анықтады

«Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық бұлақты түгендеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдын ала деректерге сәйкес, бүгінгі таңда 711 әлеуетті бұлақ анықталды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

10:09Жаңалықтар

Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады

Мемлекет басшысының еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде негізгі инфрақұрылымдық тораптарды жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Алтынкөл станциясы мен Қорғас шекаралық өткелі бірыңғай теміржол-шегаралық кешенді құрайды және халықаралық көлік дәлізінің маңызды буыны. Аталған торап елдің транзиттік әлеуетін арттыруда ерекше рөл атқарады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

09:25Президенттің тапсырмалары