Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

24.02.2026

Жарияланымдар · 10

Мемлекет басшысының қолдауының арқасында үшінші жыл қатарынан қомақты қаражат бөлінуде – Олжас Бектенов егіс науқанын 1 трлн теңгеге қаржыландыру туралы

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы қойған міндеттер ескеріле отырып, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы қаралды. Онда ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, сондай-ақ астық егетін негізгі облыстардың басшылары баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

17:07Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда су тасқыны кезеңіне дайындық жалғасуда

Еліміздің өңірлерінде көктемгі су тасқынының алдын алу және оның салдарын барынша азайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Елді мекендерді, инфрақұрылым нысандарын қорғауға және су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді алдын алу шаралары жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

16:07Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент құттықтау жеделхатында Алар Каристің былтыр Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары өзара ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беріп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға ықпал еткеніне тоқталған.

15:15Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа республикалық референдумды ұйымдастыру және дайындық жұмыстары туралы мәлімет берілді.

13:32Жаңалықтар

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі вакциналар үшін цифрлық «суық тізбекті» енгізуде

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі алдын ала ескертусіз балалар нысандарын тексеру тәжірибесін қайтарады және вакциналардың қозғалысын бақылаудың цифрлық жүйесін енгізеді. Соңғы жылдары тексерулердің саны 2012 жылғы 158 мыңнан 2025 жылы 440-қа дейін қысқарды, бұл қауіптерді болжау жүйесін әлсіретіп, инфекциялық аурулардың өршуіне әкелді. Жағдайды түзету үшін балалар болатын нысандарға алдын ала ескертусіз тексерулерді қоса алғанда, ерекше мемлекеттік бақылауды қайтаратын заң күшіне енді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

11:57Жаңалықтар

Мемлекет басшысының су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту жөніндегі тапсырмасын іске асыру

АҢДАТПА!

11:08Баспасөз хабарламалары

Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық: Қазақстанда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 402 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесі бекітілді

Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық аясында Қазақстанда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеңілдетілген дизель отынын жеткізу кестесі бекітілді, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

10:30Жаңалықтар

Қазақстанда көктемгі егін егу және жинау жұмыстарын жүргізуге 700 млрд теңге бағытталады

Қазақстанда 2026 жылға арналған егіс алқаптарының болжамды құрылымы бекітілді. Егіс құрылымы бидай алқаптарын қысқарту және жоғары рентабельді дақылдардың үлесін ұлғайту бойынша әртараптандыру жұмыстарын жалғастыруға бағытталған. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы, жеңілдетілген несиелеу тетіктері және диқандарды ресурстармен қамтамасыз ету туралы баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

10:12Жаңалықтар

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асыру туралы

АҢДАТПА!

09:31Баспасөз хабарламалары

Үкімет Каспийді зерттеуге және сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді

Президенттің Каспийді кешенді зерделеу және сақтау, сондай-ақ өңірдің экологиялық тұрақтылығын қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет резервінен «Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты»  АҚ-ға 1,1 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:26Президенттің тапсырмалары