Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

25.02.2026

Жарияланымдар · 14

Үкімет өңірлердің су тасқынына дайындық барысын тексеруді бастады

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапары барысында Қарағанды облысы өңірінің су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді. Сондай-ақ су басу қаупі бар Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет және Абай аудандарындағы негізгі гидротехникалық құрылыстар мен елді мекендердің жағдайын бағалады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

17:54Жаңалықтар

Қазақстанның туристік индустриясының инвестициялық әлеуеті

АҢДАТПА!

17:47Баспасөз хабарламалары

Барлыбай Садықов Қазақстанның Руанда Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды

16:03Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады

Ақорда резиденциясында ХХV Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын марапаттау рәсімі өтті.

16:00Мемлекет басшысының қызметі

Биыл елде топтық су құбырларын реконструкциялау және жаңғырту бойынша 12 жоба аяқталады

ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында халықты ауыз сумен қамту мәселесі мен бұл бағытта атқарылып жатқан шаралар жайлы айтты. Мәселен, сумен жабдықтауды жақсарту мақсатында республиканың 9 өңірінде топтық су құбырларын реконструкциялау және жаңғырту бойынша 30 жоба іске асырылды. Оның ішінде былтыр 15 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, бұл жоспарлы көрсеткіштерден 60%-ға жоғары.

15:10ОКҚ баспасөз іс-шаралары

500 мыңнан астам тұрғыны бар аумақтарда су басу қаупі айтарлықтай төмендетілді

Еліміздің 6 өңірінде 2024 жылғы көктемгі су тасқыны салдарынан зардап шеккен 57 гидротехникалық құрылысжайды қалпына келтіру және реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. Жоспарланған іс-шараларды іске асыру аясында 243 шақырым қорғаныш дамбалары салынды және нығайтылды. ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.

15:00Жаңалықтар

Су шаруашылығын дамытуға ауқымды инвестициялар тартылып жатыр

Еліміздің су қоймаларын реконструкциялауға бағытталған 59 жоба Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаражаты есебінен іске асырылып жатыр. 2026 жылға дейін 46 жоба бойынша жұмыстар аяқталды, қалғандары биыл аяқталады деп күтілуде. Жоба шеңберінде жалпы ұзындығы 717 шақырым каналдарды реконструкциялау көзделген. Сонымен қатар үнемделген қаражат шеңберінде Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 170 шақырымнан астам 31 каналға қосымша реконструкциялау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, бұл облыс бойынша бетондалған каналдардың үлесін 51 %-дан 77 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жайында ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

14:50Баспасөз хабарламалары

Қазақстанда су қоймаларын салу және реконструкциялау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

2030 жылға дейін су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың тұжырымдамасына сәйкес елімізде 42 жаңа су қоймасын салу, 37 су қоймасын және 110 құрылысжайды реконструкциялау, 14,5 мың шақырым каналдарды жаңғырту, сондай-ақ 557 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы зерттеп-қарауды өткізу жоспарланған. Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025 жылы 147 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруда, оның ішінде 53 жоба аяқталды. Бұл туралы ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

14:40Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Power International Holding (PIH) компаниясының басшылары Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаятты қабылдады.

13:47Жаңалықтар

МЖӘ жобаларының рейтингі: алты өңір көшбастап тұр

Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың 1 қаңтарына дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бойынша 2 трлн 662 млрд теңге көлемінде мемлекеттік міндеттемелер қабылданды, оның 40%-ы орындалды. Қалған 1 трлн 604 млрд теңгенің жартысынан астамы республикалық МЖӘ жобалары аясында республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Бұл туралы «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы Аслан Қалиғазин ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

11:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстанда МЖӘ портфелі ірі инфрақұрылымдық жобаларға ауысуда

Мемлекет басшысы жеке инвестицияларды тарту, инфрақұрылымдық жобалардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ цифрлық шешімдер мен заманауи технологияларды енгізудің маңызын бірнеше рет атап өтті. Осыған байланысты «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ (ҚР ҰЭМ) МЖӘ саласында талдамалық жұмыс жүргізіп, ұсынымдар әзірлеуде. Орталықтың негізгі міндеттеріне жобаларға сараптама жасау, жоспарланған бастамалардың тізілімін жүргізу, мамандарды оқыту және мемлекеттік-жекешелік жобалардың іске асырылу тиімділігін бағалау кіреді. Орталықтың басқарма төрағасы Аслан Қалиғазин ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында елімізде МЖӘ тетіктерінің дамуы туралы баяндады.

11:40Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах пен оның отандастарын Кувейт Мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтады.

09:30Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысындағы ірі су қоймаларын су тасқыны кезеңіне дайындау аяқталды

Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында «Қазсушар» РМК-ның Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалы Сергеев және Петропавл гидротораптарында жоспарланған жөндеу жұмыстарының барлығын аяқтады. Екі нысанда да жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

09:14Жаңалықтар

Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді

26-27 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

09:07Мемлекет басшысының қызметі