ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында халықты ауыз сумен қамту мәселесі мен бұл бағытта атқарылып жатқан шаралар жайлы айтты. Мәселен, сумен жабдықтауды жақсарту мақсатында республиканың 9 өңірінде топтық су құбырларын реконструкциялау және жаңғырту бойынша 30 жоба іске асырылды. Оның ішінде былтыр 15 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, бұл жоспарлы көрсеткіштерден 60%-ға жоғары.