Күн жаңалықтары
26.02.2026
Жарияланымдар · 8
Алматы облысының туристік және инвестициялық тартымдылығы артуда
Алматы облысы туристік тартымдылығының тұрақты өсуін көрсетіп отыр, бұл туристердің өңірімізге деген жоғары қызығушылығын айғақтайды. Облыс аумағында республикалық маңызы бар 10 және өңірлік маңызы бар 1 туристік дестинация орналасқан. Бұл табиғи және мәдени ресурстардың молдығын, сондай-ақ туризмді одан әрі дамыту әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Бұл туралы Алматы облысы туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы хабарлады.
Туризм саласындағы кәсіпкерлерге қомақты қаржылай қолдау көрсетіліп жатыр
Еліміздегі туризм саласындағы кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдау шаралары көзделген. Мысалы, инвестициялық келісімшарт немесе инвестициялық келісім шеңберінде инвестициялық преференциялар беріледі. Соның ішінде мүлік салығы, жер салығы, корпоративтік табыс салығынан босату сынды жеңілдіктер бар. ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осы қолдау шаралары жайлы толық ақпарат берді.
Қазақстанның туристік саласына ірі халықаралық инвесторлар қызығушылық танытты
Қазақстанға келетін шетелдік турист санын 2029 жылға қарай шамамен 1,7 млн адамға дейін жеткізу жоспарда бар. Осы бағытта үш негізгі туристік дестинацияны дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде: Алматы тау кластері, Щучинск-Бурабай курорттық аймағы және Маңғыстау туристік аймағы. Мәселен, Алматы тау кластерін дамыту үшін 30 аспалы жол және ұзындығы 161 шақырым сырғанауға арналған жолдар пайда болады. Нәтижесінде мұндағы туристік ағымды 5 млн адамға дейін арттыру көзделген. ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Еліміздегі туризм саласында атқарылған шаралар жоғары нәтиже берді
2025 жыл туристік сектордың тұрақты өсуін көрсетуде. Өсім ішкі және келу туризмі, сондай-ақ орналастыру объектілері көрсететін қызметтер көлемі бойынша байқалады. 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша орналастыру орындарында ішкі туристер саны 6,7 млн адамды құрады. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов ОКҚ алаңында хабарлады.
2027 жылдан бастап аквамәдениетті дамытуға арналған ақпараттық жүйе енгізіледі
Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы саласын кезең-кезеңімен цифрландыруды жалғастыруда. Өткен жылы балық және балық өнімдерінің қадағалануын қамтамасыз ететін «E-Fish» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Жүйе балық пен балық өнімдерінің заңды шығу тегін растайтын құжаттарды беруге қатысатын мемлекеттік органдардың ақпараттық қорларын өзара байланыстырады. Негізгі мақсаты – заңсыз өнім айналымының алдын алу, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстандағы ең ірі IT-хакатон 27 наурызда басталады
2026 жылғы 27 наурыз және 5 сәуір аралығында еліміздегі ең ірі мультилокациялық хакатон – Decentrathon 5.0 – бір мезгілде 20 қалада өтеді. Аталған шара барлық өңірдегі технологиялық қоғамдастықты біріктіреді, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
2026 жылы 11 мың шақырымнан астамында әртүрлі жол жұмыстары жүргізіледі - ҚР Көлік министрлігі
2026 жылы Қазақстанда автомобиль жолдарының 11 мың шақырымнан астамы жол жұмыстарының барлық түрлерімен қамтылмақ. Жол-құрылыс маусымы аясында республикалық маңызы бар жолдардың 8,9 мың шақырымы және жергілікті жол желісінің 2,3 мың шақырымы құрылыс, реконструкция және жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Соның ішінде 3,5 мың шақырым жолдағы жаңа құрылыс және қайта жаңарту нысандарын аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Қазақстанда дәрігерлер тапшылығы екі жылда 19,6%-ға қысқарды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық кадрларды даярлау және бекіту жүйесін қайта қарауда. Мамандардың тапшылығын төмендету және олардың біліктілігін арттыру үшін ақылы бөлімге түсушілер үшін ҰБТ шегін 80-90 балға дейін көтерді және үшінші курстан кейін білімін міндетті тексеруді енгізді, оның қорытындысы бойынша үлгермеген студенттер оқудан шығарылады. Теория мен практиканың арасындағы алшақтықты азайту үшін оқу жоспарларына бір уақытта 300 сағаттық бейіндік пәндер қосылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.