Қазақстанға келетін шетелдік турист санын 2029 жылға қарай шамамен 1,7 млн адамға дейін жеткізу жоспарда бар. Осы бағытта үш негізгі туристік дестинацияны дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде: Алматы тау кластері, Щучинск-Бурабай курорттық аймағы және Маңғыстау туристік аймағы. Мәселен, Алматы тау кластерін дамыту үшін 30 аспалы жол және ұзындығы 161 шақырым сырғанауға арналған жолдар пайда болады. Нәтижесінде мұндағы туристік ағымды 5 млн адамға дейін арттыру көзделген. ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.