Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

27.02.2026

Жарияланымдар · 10

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы елшісі Джули Стаффтты қабылдады

Президент Қазақстан мен Американың жоғары деңгейдегі қарқынды саяси диалогы екіжақты және көпжақты форматтағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізіп келе жатқанына тоқталды.

19:09Мемлекет басшысының қызметі

Президент ЕАЭО шеңберіндегі көлік құралдарының рұқсат етілетін массалары, осьтік жүктемесі және габариттері туралы келісімді бекіту жөніндегі Жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еуразиялық көлік дәліздеріне кіретін автомобиль жолдарымен жүрген кезде көлік құралдарының рұқсат етілетін массалары, осьтік жүктемесі және габариттері туралы келісімді бекіту жөніндегі Жарлыққа қол қойды.

17:08Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич БАҚ өкілдерінің алдында сөз сөйледі

17:02Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичтің бірлескен мәлімдемесі

2026 жылғы 26 – 27 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичтің Қазақстан Республикасына ресми сапары өтті.

16:57Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Сербия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

16:06Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстан мен Сербия президенттері келіссөздер өткізді

15:18Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстан педагогтердің еңбек жағдайы бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында

Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында халықаралық TALIS-2024 зерттеуінің қорытындылары жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары арқасында Қазақстан мұғалімдердің жалақыға қанағаттану деңгейі бойынша әлемдегі үздік бес елдің қатарына енді. 2018 жылы бұл көрсеткіш небәрі 39% болса, 2024 жылы 71%-ға жетті. Бүгінде еліміздегі педагогтердің 95%-ы өз жұмысына көңілі толатынын мәлімдеп, кәсіби қанағаттанудың жоғары деңгейін көрсетіп отыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

11:38Жаңалықтар

Балалар саясаты 2030 жылға дейін жүйелі түрде жаңғыртылады

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды выдемствоның баспасөз қызметі.

10:15Жаңалықтар

«Ауыл Аманаты»: Ақтөбе облысында 2026 жылы 4,7 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр

Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға бағытталған «Ауыл Аманаты» жобасы табысты жүзеге асырылуда. 2025 жылдың 12 айында жоба аясында 219 несие берілген. Жобаны қаржыландыру үшін бюджеттен 4 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

09:33Жаңалықтар

184 мың адам наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді

2026 жылғы наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау аяқталды. 184 мыңға жуық адам тестілеуден өтуге ниет білдірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. ҰБТ 2 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді. Талапкерлер өтініш беру барысында олар тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

08:59Жаңалықтар