Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың 1 қаңтарына дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бойынша 2 трлн 662 млрд теңге көлемінде мемлекеттік міндеттемелер қабылданды, оның 40%-ы орындалды. Қалған 1 трлн 604 млрд теңгенің жартысынан астамы республикалық МЖӘ жобалары аясында республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Бұл туралы «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы Аслан Қалиғазин ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.