Күн жаңалықтары
10.03.2026
Жарияланымдар · 9
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
Мемлекет басшысына Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды.
Ербол Хамитов қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдесін иеленді
Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 метрге классикалық спринт жарысында қола медаль жеңіп алды. Ол қашықтықты 2 минут 29 секундта еңсеріп, жарыстың үздік үштігін түйіндеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады
Президентке денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі мен саланы дамыту перспективасы жөнінде есеп берілді.
Еліміздің өңірлерінде су тасқынына дайындық шаралары жалғасуда
Еліміздің өңірлерінде су тасқыны қаупін азайтуға, мұз кептелісінің алдын алуға және тасқын судың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді алдын алу шаралары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Премьер-министр құрылыс қарқынын сақтап, сапаны бақылауда ЖИ жобаларын жеделдетуді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкіметінің отырысында тұрғын үй құрылысын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Жиында құрылыс саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов, сондай-ақ Түркістан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының әкімдері баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Еліміздің құрылыс саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер толығымен онлайн-форматқа көшірілді
Қазақстанда құрылыс саласындағы барлық 54 мемлекеттік қызметті автоматтандыру жұмыстары аяқталды. Бүгінгі таңда құрылыс саласындағы қызметтердің 100% азаматтар мен бизнеске қашықтан қол жетімді, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
Қазақстанда ЖИ дәрігерлерге инсульт пен онкологиялық ауруларды жылдам анықтауға көмектеседі
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі диагностиканың дәлдігін арттыру, клиникалық шешімдер қабылдауды жақсарту және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын көтеру мақсатында жасанды интеллект (AI) негізіндегі шешімдерді кезең-кезеңімен енгізіп келеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстанда Президент бағдарламасы аясында 111 млн шаршы метр тұрғын үй салынады
Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясында Үкімет алдына 7 жылда 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу міндеті қойылды. 2026 жылы 18,5 млн шаршы метр пайдалануға беріледі деп күтілуде, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2026 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 3 828 адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 1218 мың адам пайдаланды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.