Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкіметінің отырысында тұрғын үй құрылысын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Жиында құрылыс саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов, сондай-ақ Түркістан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының әкімдері баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.