Күн жаңалықтары
12.03.2026
Жарияланымдар · 6
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі
Президент бұл басқосудың еліміз үшін мән-маңызы айрықша екенін атап өтті. Жиында кешенді саяси, экономикалық реформаларды іске асырудағы, сондай-ақ мемлекетті басқару жүйесіндегі мәслихаттардың рөлі талқыланды.
«Ұлттық қор – балаларға»: үш жыл ішінде еліміздегі 7 млн балаға 2,5 млрд доллардан астам қаражат аударылды
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының үш жылының қорытындысы бойынша 7 млн қазақстандық балаға аударылған жинақтардың жалпы сомасы 2,5 млрд доллардан асты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған бағдарлама ұлттық байлықты әділ бөліп, жастарға тең мүмкіндіктер беруге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі.
«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында елімізде қандай шаралар жүзеге асырылады?
Бүгінде елімізде 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы жүйелі түрде іске асырылып келеді. Бұл құжат балалардың қауіпсіздігін күшейтуге, ықтимал қауіптердің алдын алуға және балаларға жан-жақты қолдау көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған. Тұжырымдама аясында жаңа жүйелік тәсілдер енгізіліп, цифрлық құралдар кеңінен қолданылып, балаларды қорғау мен қолдау тетіктері жетілдіріледі, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Қазақстанда су тұтыну көлемін ерте болжау жүйесі әзірленіп жатыр
Жоба аясында Қазақстанның оңтүстігіндегі ирригация инфрақұрылымына қатысты бірыңғай деректер базасы жасалады. Сондай-ақ суармалы жерлердің нақты шекарасы анықталып, ауыл шаруашылығы алқаптарының жағдайын бақылау үшін жерді қашықтан зондтау технологиялары қолданылады, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
2026 жыл басынан 163 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 30,3 мың отбасындағы 163,3 мың адамға 5,2 млрд теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 62,7 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
106-дан 126 млрд кВт/сағ-қа дейін: Қазақстан электр энергиясын өндіруді қалай арттыруда
Елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрақты қарқын алып келеді: 2025 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 123,1 млрд кВт/сағ-қа жетті, бұл жоспарланған көрсеткіштен 4,4%-ға жоғары, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.