Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

13.03.2026

Жарияланымдар · 8

Ербол Хамитов Милан-Кортина Паралимпиадасында алтын медаль жеңіп алды

Пара биатлоннан 4,5 км қашықтықтағы із қуу дисциплинасында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов тамаша нәтиже көрсетіп, Паралимпиада чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

17:04Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Digital Qazaqstan жобасының жүзеге асырылуы жөнінде жұмыс кеңесі өтті.

16:10Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталады

14-23 наурыз аралығында Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі өтеді. Наурыз мейрамын атап өтудің бұл форматы аз уақыт ішінде тарихи дәстүрлерді, мәдени іс-шараларды, қоғамдық бастамаларды ұштастырып, ел бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды халықтық мерекеге айналды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

15:57Президенттің тапсырмалары

Бинұр Жәленов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

14:31Мемлекет басшысының қызметі

Снежанна Имашева ҚР Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл – ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды

14:28Мемлекет басшысының қызметі

1 млн ауыл тұрғыны үшін қолжетімді медицина: өңірлерде 655 жаңа медициналық нысан жұмысын бастады

Қазақстанда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының негізгі кезеңі аяқталды, оның шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) нысаны пайдалануға берілді. Бұл ауқымды инфрақұрылымдық шешім шалғайдағы ауылдардың 1 млн тұрғынына білікті медициналық қызметтерге тікелей қол жеткізуді қамтамасыз етті, бұл оларды аудан орталықтарына дейін айтарлықтай қашықтықты жүріп өту қажеттілігінен босатты, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

11:42Президенттің тапсырмалары

Солтүстік Арал теңізін сақтау жобасының екінші кезеңі әзірленді

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Солтүстік Арал теңізін сақтау жобасының екінші кезеңін әзірледі. Жобада Солтүстік Аралдағы су деңгейін Балтық жүйесі бойынша 44 метрге дейін көтеру үшін Көкарал бөгетін реконструкциялау көзделген. Нәтижесінде су айдынының аумағын 3 913 шаршы шақырымға дейін, ал су көлемін 34 млрд текше метрге дейін ұлғайту жоспарланып отыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

10:07Жаңалықтар

Үкімет Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі кешенді жоспарды бекітті

Үкімет Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстан Республикасында медициналық көмектің сапасын басқаруды жетілдіру жөніндегі 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:11Президенттің тапсырмалары