Күн жаңалықтары
22.04.2026
Жарияланымдар · 7
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді
Мемлекет басшысы Грузия Президенті Михаил Кавелашвилимен кездесу өткізді
Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммит аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилимен кездесті.
Мемлекеттер басшылары Өңірлік экологиялық саммиттің көрме павильондарын аралады
Президенттер мен шетелдік делегациялардың басшылары RES 2026 EXPO жасыл және орнықты технологиялар халықаралық көрмесіне барды.
Иммундық профилактика мәселелері туралы
АҢДАТПА!
Ұлттық тауарлар каталогы бизнеспен диалог аясында дамып келеді
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, Ұлттық тауарлар каталогында (ҰТК) 24 млн-ға жуық тауар тіркелген. Мұндай ауқымды деректер көлемі қысқа мерзім ішіндегі жоғары өсім қарқынын көрсетеді. Бұл процеске бизнестің белсенді қатысып жатқаны байқалады. Жүйеге ескертулер мен ұсыныстар қамтылған көптеген өтініш түсіп жатыр. Олардың барлығы түсу ретіне қарай қарастырылады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «ЭҚО» АҚ Мастер-деректерді басқару департаментінің директоры Молдабай Наурызхан мәлімдеді.
Тауарлардың цифрлық паспорты компаниялардың жұмысын тоқтатпайды – Сауда министрлігі
Цифрландыру бизнеске кедергі келтірмеу керек. Бақылау мен кәсіпкерлерге арналған қолайлылық арасындағы теңгерімді сақтау маңызды. Сондықтан тауарлардың цифрлық паспорты компаниялардың жұмысын блокқа қоймай, операцияларға біртіндеп қосылып жатыр. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов мәлімдеді.
Ұлттық тауарлар каталогында 24 млн-ға жуық тауар тіркелген - ҚР Сауда министрлігі
Тауарлардың ұлттық каталогы (ҰТК) - бұл бір реттік бақылау шарасы емес, Қазақстандағы сауданың жаңа архитектурасының бөлігі. Мұнда шынайы және салыстырмалы деректер басты рөл атқарады. Бүгінде сауда саласы өндіріс, логистика және тұтынушыны біріктіретін жүйеге айналуда. Жаһандық шектеулерге қарамастан, әлемдік сауда тұрақтылықты сақтап отыр және болжам бойынша 2026–2029 жылдары орта есеппен 3%-ға өседі. Мұндай жағдайда ҰТК-ны енгізу ерекше өзектілікке ие. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов мәлімдеді.