Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

23.04.2026

Жарияланымдар · 22

Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидты қабылдады

21:08Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзерді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы, CLAAS Group байқаушылар кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер қазақ-герман экономикалық ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылады.

18:13Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Electricité de France компаниясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Бернар Фонтананы қабылдады

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен EDF арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды. Компания төмен көміртекті және атом энергетикасы саласы бойынша әлемдегі жетекші ұйым саналады.

16:37Жаңалықтар

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасы Пере Жоан Понспен кездесті

Кездесу барысында Қазақстан Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен, сондай-ақ оның Парламенттік ассамблеясымен серіктестікті нығайтуға мүдделі екені атап өтілді.

16:09Жаңалықтар

ҚР кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасын сақтау, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау

АҢДАТПА!

15:36Баспасөз хабарламалары

Президент халықаралық конвенция жетекшілерімен кездесу өткізді

15:26Жаңалықтар

Президент Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Феридун Синирлиоғлыны қабылдады

Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің жұмысына белсене қатысқаны үшін Феридун Синирлиоғлыға ризашылығын білдіріп, бұл платформа Орталық Азия мен көрші аймақтарға ортақ экологиялық мәселелерді шешу жолын бірлесіп іздеуді көздейтінін айтты.

14:21Жаңалықтар

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның жоғары өкілдер тобымен кездесті

Президент осындай салмақты делегацияның келуі Орталық Азия мен одан тысқары жерлердегі экологиялық мәселелердің шешімін табудағы БҰҰ-ның рөлін талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

13:10Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі және перспективасы талқыланды.

13:05Жаңалықтар

Қазақстанда жатыр мойны обырынан қорғау шаралары күшейтілуде: 370 мың қыз бала АПВ-ға қарсы екпе алды

Соңғы 35 жылда иммундаудың арқасында Қазақстанда эпидемиялық паротит, А және В вирустық гепатиттері, сондай-ақ қызамық аурушаңдығы айтарлықтай төмендеді. Қазір сіреспе ауруының тек жекелеген жағдайлары ғана тіркеледі. Бұл ретте елімізде 30 жыл бойы полиомиелиттің бірде-бір жағдайы, ал 2009 жылдан бері дифтерия жағдайлары тіркелген жоқ. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР ДСМ «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Иммундық алдын алу орталығының басшысы Нұршай Әзімбаева мәлімдеді.

12:30Жаңалықтар

Зерттеу: егде жаста вакцина алу иммундық жүйені жаттықтыруға ықпал етеді

Көптеген зерттеу БЦЖ және қызылшаға қарсы вакциналардың иммундық жауапты қуатты түрде белсендіретінін, аллергиялық аурулардың даму қаупін төмендететінін және белсенді иммундық қартаюды ұзартатынын дәлелдеді. Сондықтан «иммундық жауапты жаттықтыру» тұжырымдамасы өте маңызды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде UMC КФ иммунология және аллергология бағдарламасының жетекшісі, Қазақ иммунтапшылығы қоғамының және иммунолог дәрігерлер қауымдастығының төрағасы, ҚР ДСМ штаттан тыс бас аллерголог-иммунологы медицина ғылымдарының докторы Елена Ковзель мәлімдеді.

12:20Жаңалықтар

Қазақстан иммундау жүйесін дамытуда прогресс көрсетуде – ДДСҰ

19-25 сәуір аралығында бастаманың 20 жылдығына орайластырылған Еуропалық иммундау апталығы өтуде. Мамандар вакциналау құрсақтағы даму кезеңінен ересек жасқа дейінгі барлық кезеңде денсаулық пен өмір сапасын қорғаудың негізгі құралы болып қала беретінін атап өтті. ОКҚ-да өткен дөңгелек үстел барысында ДДСҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің иммундау бағдарламасының үйлестірушісі Қанат Суханбердиев соңғы жылдардағы иммундау саласындағы негізгі жетістіктермен бөлісті.

12:10Жаңалықтар

Педиатр дәрігер: жеңіл ЖРВИ белгілері, мұрынның бітелуі, жеңіл анемия екпе салдыртуға қарсы көрсетілім болып табылмайды

№13 қалалық емхананың жедел медициналық көмек бөлімшесінің меңгерушісі, педиатр дәрігері Нарғыз Тоқсейтова ОКҚ алаңында балаларға екпе салдыруға қатысты негізгі қиындықтар жайында ақпаратпен бөлісті. Оның айтуынша, ең негізігісі — ол сенімсіздік.

12:00Жаңалықтар

Қазақстандық балаларға тек ДДСҰ сертификаттаған екпелер ғана салынады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ДДСҰ тиімді әрі қауіпсіз профилактикалық егулер арқылы алдын алуға болатын инфекциялар тізімін кеңейту жөніндегі стратегиясын қолдап отыр. Соңғы 20 жылда халық денсаулығын жақсартуға, инфекциялық ауруларды азайтуға бағытталған шаралар аясында вакциналардың жаңа түрлері енгізілді. Олардың ішінде қызамық, пневмакокк, гемофильді инфекцияға қарсы екпелер бар. Күнтізбеге енгізілген соңғы вакцина – жатыр мойны обыры қоздырғышы және қатерлі ісіктердің басқа да түрлеріне себеп болып отырған адам папилломасы вирусына қарсы екпе. Бұл туралы ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Иммундық профилактика орталығының басшысы Нұршай Әзімбаева ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.

11:50Жаңалықтар

ҚР ДСМ: халықтың вакциналауға деген сенімін нығайту аса маңызды

Иммундау мәселесі – халықтың денсаулығын сақтау бағыттарының бірі. Вакциналау жыл сайын миллиондаған адамның өмірін сақтау, аурулардың алдын алу үшін қолданылады. Қазіргі жағдайда халықтың вакциналауға деген сенімін нығайту аса маңызды болып тұр. Жалған ақпараттың таралуы және инфекциялардан сақтанудың төмендегендігі қоғамдық денсаулыққа қосымша қауіп төндіруде. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Роза Қожапова ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде осылай деп мәлімдеді.

11:40Жаңалықтар

Алдағы 4 жылда Қазақстан 5 мың шақырым жаңа теміржол салады

Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов ұйымның 70 жылдығына арналған Теміржол ынтымақтастығы ұйымының бас директорлары конференциясының 40-шы отырысына қатысты. Форумға әлемнің 30-дан астам елінен 300-ден астам теміржол тасымалы компанияларының басшылары мен өкілдері келді. ТЖЫҰ ұзындығы 320 мың шақырымнан асатын теміржол желісін қамтиды, олар арқылы жыл сайын шамамен 5,5 млрд жолаушы және 5 млрд тонна жүк тасымалданады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

11:15Жаңалықтар

Жыл басынан бері 2,6 мыңнан астам жас маман жастар практикасы аясында жұмыспен қамтылды

2026 жылғы 22 сәуірдегі жағдай бойынша жастар практикасы бойынша 2 655  жас маман жұмысқа кірісті. Биыл бұл бағыт бойынша барлығы 25 мың жас қазақстандықты жұмыспен қамту жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

10:44Жаңалықтар

Мемлекет басшысына Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әл Сауд хат жолдады

Сауд Арабиясының Королі, Қос киенің сақшысы Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд хаттарында Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты Қазақстан Президентінің Корольдікке қолдауы мен тілектестігін зор ризашылықпен қабыл алғандарын жазған.

10:41Жаңалықтар

Әскери борышын өтеген мыңнан аса қазақстандық грант иегері атанды

Елордадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда запасқа шыққан әскери қызметшілерге жоғары оқу орындарында тегін білім алу үшін сертификаттар табыстаудың салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

10:24Жаңалықтар

Ақмола облысында астықты терең өңдеу зауыты салынады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Азия Алтын Дән» ЖШС арасында Ақмола облысында астықты терең өңдеу зауытын салу жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімге қол қоюды мақұлдады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:29Жаңалықтар