Күн жаңалықтары
24.04.2026
Жарияланымдар · 8
Мемлекет басшысы Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Мемлекет басшысы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AI экожүйесін дамытуға арналған негізі алаң саналатын Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді.
15 мыңға жуық елордалық оқушы мен студент экологиялық саммитке қатысты
«Тұрақты болашақ - ортақ көзқарас» өңірлік экологиялық саммитіне 15 мыңға жуық елордалық оқушы мен студент қатысты. Іс-шара барысында экологиялық бастамалар мен тұрақты даму мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Жұмыс берушілер тәуекелдерді жоюға міндеттеледі: ҚР-да еңбек жағдайларын бағалау күшейтілуде
Жұмыс орындарындағы кәсіби тәуекелдерді бағалау ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындалған. Негізгі екпін салдармен күресуге емес, қызметкерлердің денсаулығына зиян келтірмейтін қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау арқылы өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алуға қойылады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов мәлімдеді.
Қазақстандағы кәсіпорындардың 68%-ы қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасасты – Еңбек министрлігі
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті мемлекеттік бақылау мен профилактикалық жұмыстардан бөлек, әлеуметтік-еңбек саласындағы өзге де маңызды мәселелерге ерекше назар аударуда. Ұжымдық шарттарды жасасу және цифрландыру азаматтардың еңбек құқықтарын қорғаудың маңызды элементі болып табылады, өйткені бұл құжатта негізгі еңбек жағдайлары бекітіледі. Бүгінгі таңда 18 700 ұжымдық шарт жасалып, цифрландырылды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов мәлімдеді.
Еңбек инспекциясы бақылауды күшейтті: 17,5 мың қызметкердің құқығы қорғалды /// Қазақстанда қызметкерлердің құқықтарын қорғау шаралары күшейтілді
Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеті еңбек құқықтарын қорғау болып қала береді. Елімізде еңбек заңнамасын бұзудың алдын алу, еңбек даулары тәуекелдерін азайту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік-еңбек саласына цифрлық шешімдерді енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Сонымен, 2026 жылдың бірінші тоқсанында азаматтардың 16 726 өтініші қаралып, 1 723 жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау аясында 92 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде еңбек заңнамасын бұзудың 2 065 жағдайы анықталып, 1 110 ұйғарым берілді, жалпы сомасы 136 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов мәлімдеді.
ҚР кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасын сақтау, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау
Соңғы бес жылдың ішінде Қазақстанда ана өлімі 35%-ға төмендеді – Денсаулық сақтау министрлігі
Соңғы бес жылдың ішінде Қазақстанда ана өлімі 35%-ға азайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанада өткен Орталық Азиядағы әйелдер мен жастар денсаулығына климаттық және экологиялық қауіптердің әсеріне арналған халықаралық сессияда мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.