Күн жаңалықтары
27.04.2026
Жарияланымдар · 9
Қазақстан мен Израиль президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Израиль Президенті Ицхак Герцог шағын құрамда келіссөз жүргізді
Ақордада елімізге ресми сапармен келген Израиль Президенті Ицхак Герцогты салтанатты қарсы алу рәсім өтті.
Мемлекет басшысы Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Сирил Рамафоса мен оның отандастарын Оңтүстік Африка Республикасының ұлттық мейрамы – Бостандық күнімен құттықтады.
Денсаулық сақтау министрлігі бақылауды күшейту үшін балалар лагерьлерін «кенеттен» тексеру форматына көшеді
Жазғы сауықтыру маусымы қарсаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі балалардың қала сыртындағы лагерьлеріндегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға бақылауды күшейтуде. Іс-шаралар кешені балалардың қауіпсіз демалуын қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші әлемдік компаниялармен кездесу өткізді: Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының машина жасауды дамыту және импортты алмастыру жөніндегі тапсырмалары аясында Еуропа, Канада және АҚШ-тың ауылшаруашылық техникаларын шығаратын жетекші компаниялары басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуге қатысушылар өнеркәсіп кооперациясын тереңдету, өндірісті локализациялау және отандық кәсіпорындарға заманауи агротехнологиялар енгізу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Виллем-Александрды Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады
Қазақстанда алма бақтарының «қоры» жаңғыртылмақ
Қазақстанға Нидерландтан 7 мыңнан астам алма тамырсабағы (телітуші) жеткізілді. Көшет шаруашылығы дамыған елден әкелінген бұл отырғызу материалы вирустардан таза көшет жүйесін қалыптастыруға негіз болады. Ол өнімділікті арттырып, жеміс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақстанда балаларды қорғаудың бірыңғай ведомствоаралық регламенті мен кейс-менеджерлер институты енгізілуде
Елімізде балаларға қатысты зорлық-зомбылық, қатыгездік пен жәбірлеу деректеріне дер кезінде әрекет етудің бірыңғай ведомствоаралық алгоритмі бекітілді. Аталған бірлескен бұйрық «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңды іске асыру аясында қабылданды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда каналдарды механикалық тазалау қарқыны үш еседен астам өсті
2023 жылы «Қазсушар» РМК филиалдары 562 шақырым канал тазаласа, 2024 жылы – 1148 шақырым, 2025 жылы – 1840 шақырым канал тазартылды. Биыл жыл басынан бері 700 шақырым канал механикалық тәсілмен тазартылды. Жыл соңына дейін 2211 шақырым канал тазалау жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.