Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

28.04.2026

Жарияланымдар · 8

Олжас Бектенов Чехия Премьер-министрі Андрей Бабишпен екіжақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Астанаға ресми сапармен келген Чех Республикасының Премьер-министрі Андрей Бабишпен кездесу өткізді. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік, энергетикалық, көлік-логистикалық, цифрлық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

17:38Жаңалықтар

Қазақстандық оқушы Еуропалық математикалық олимпиадада топ жарды

2026 жылғы 23-29 сәуір аралығында Литва Республикасының Вильнюс қаласында алғаш рет European Mathematical Olympiad өтті. Аталған олимпиадаға 19 елден 21 команда, жалпы саны 126 оқушы қатысты. Қатысушы мемлекеттер қатарында Албания, Армения, Болгария, Эстония, Финляндия, Франция, Грузия, Исландия, Ирландия, Қазақстан, Косово, Латвия, Литва, Солтүстік Македония, Норвегия, Польша, Словения, Швейцария және Украина бар, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

15:54Жаңалықтар

Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцог Alem.ai орталығының қызметімен танысты. Мұнда таланттарды тауып, оларды даярлаудан бастап ЖИ-шешімдерін әлемге таратуға дейінгі технологиялық дамудың толық циклі жүзеге асырылады.

15:08Жаңалықтар

2026 жылғы негізгі ҰБТ-ға өтініштер қабылдау аяқталды

2026 жылғы негізгі ҰБТ-ға өтініштер қабылдау аяқталды. Тестілеу 10 мамырда басталып, 10 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

12:14Жаңалықтар

ЖИ технологиялары экономиканың барлық салаларында енгізілуде

ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында өзі жетекшілік ететін салаларға жасанды интеллект енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

10:41Жаңалықтар

AI-First тәсілі: салаларды цифрлық трансформациялаудың 20 картасы бекітілді

Технологияларды ел экономикасына жүйелі енгізу үшін Қазақстанда Цифрлық трансформация карталары енгізілуде, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

10:25Жаңалықтар

Елімізде «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясының жобасы әзірленді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экономика саласына жасанды интеллект енгізу мәселелері қаралды, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

10:16Жаңалықтар

Энергетика кәсіпорындарының қызметкерлеріне жеңілдетілген ипотека беріледі

«Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасы аясында энергетика саласының кадрлық тұрақтылығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Жаңа электр станцияларын салу және қолданыстағы генерациялаушы қуаттарды жаңғырту жобаларын іске асыру энергетика саласының кадрлық әлеуетін жүйелі түрде нығайтуды талап етеді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

09:22Жаңалықтар