Күн жаңалықтары
29.04.2026
Жарияланымдар · 11
Мемлекет басшысы NVIDIA және Firebird AI компанияларының өкілдерін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының жаһандық жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту жөніндегі вице-президенті Николо Мартин Капрезбен, сондай-ақ Firebird AI компаниясының негізін қалаушылар Размиг Берг Овакимянмен және Александр Есаянмен кездесті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында президенттер Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынас жүйелі түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша оң динамика байқалатынын атап өтті.
Президент Чехия Премьер-министрін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
100 мыңнан астам мектеп түлегі елімізді көгалдандыруға атсалысты
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық өңірінде бір мезгілде «Түлектердің ағаш егуі» эко-челленджі өтті. Ізгі бастама жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған кең ауқымды экологиялық қозғалысқа айналды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі нығайтудың әлеуеті мол екеніне тоқталды.
Өрт қауіпті кезеңнің басталуы туралы
АҢДАТПА!
Үкіметте фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысы өтті
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді. Жиынға мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП басшылары, салалық қауымдастықтар мен бизнес өкілдері қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чехия Премьер-министрі Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Ақордада елімізге ресми сапармен келген Чех Республикасының Премьер-министрі Андрей Бабишті қарсы алу рәсімі өтті.
Жамбыл облысында жылына 60 млн инкубациялық жұмыртқа өндіретін кәсіпорынның құрылысы басталды
Жамбыл облысында асыл тұқымды құс шаруашылығына бағытталған ІІ санаттағы өндіріс орнының іргетасына капсула салу рәсімі өтті. Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылында жүзеге асатын кәсіпорынның жалпы құны – 3,5 млрд теңге. Жоба екі кезеңмен жүзеге асырылады: алғашқы кезеңде жылына 10 млн инкубациялық жұмыртқа өндіру жоспарланса, екінші кезеңде өндіріс қуаттылығы 60 млн данаға дейін ұлғайтылмақ, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 18,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республикадағы 140 кәсіпорында 1,1 мыңнан астам жұмыскер алдында 642 млн теңгеден асатын жалақы берешегін анықтады. Сонымен қатар жүргізілген тексерулер барысында түрлі ұйымдарда еңбек құқықтарының 2 мыңнан астам бұзушылығы тіркелді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жамбыл облысында ауыл тұрғындары «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында бұлақ көздерін ашты
Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Жетібай ауылының тұрғындары «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына қатысты. Ауыл тұрғындары жақын маңдағы бұлақ көздерінің аумағын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.