Күн жаңалықтары
30.04.2026
Жарияланымдар · 12
Орталық Қазақстанда 500 мегаваттық жел электр станциясының құрылысы басталды
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт жел электр станциясының (ЖЭС) құрылысына ресми түрде старт берілді. Жобаны China Energy International Group компаниясы Самұрық-Энергомен бірлесіп, Қазақстан мен Қытай арасындағы үкіметаралық келісім аясында іске асырады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Король XVI Карл Густавтың парасатты басшылығымен Швеция Еуропада және әлемдік аренада маңызды рөл атқаратын мемлекет мәртебесін сақтап келе жатқанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дамып келе жатқанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
Кездесуде қазақы ит тұқымдарын сақтау және тұрақты генетикалық қорын қалыптастыру ісінде халықаралық федерациямен ынтымақтастық перспективасы талқыланды.
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауытының құрылысы жалғасуда. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы әрі Орталық Азиядағы жүгеріні терең өңдеп, жоғары қосылған құны бар өнім шығаратын ең ірі кешен болмақ, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Мемлекет басшысы Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Ясутоши Нишимураны қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ясутоши Нишимураны Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы болып тағайындалуымен құттықтады.
Өрт қаупі бар кезеңде Қазақстан ормандарында қосымша 300-ден астам бекет қойылады
Қазақстанда 2026 жылдың өрт қаупі бар маусымына дайындық аясында орман өрттерінің алдын алу шаралары күшейтілді. Еліміздің орман иеленушілері 9,5 мың шақырым минералды жолақтар мен өртке қарсы үзілістер құруды, ұзындығы 303 мың шақырым болатын қолданыстағы жолақтарды күтіп ұстауды қарастырды. Өрт қаупі бар кезең басталғанға дейін орман қорының жиегі бойынша 14 мың шақырым учаскеде бақыланатын өртеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. Мақсат Елемесов мәлімдеді.
Өрт қаупі бар кезеңде 26 әуе кемесі жұмылдырылады – Экология министрлігі
Биыл ормандарды авиациялық қорғаумен қамтылған аумақ 9,6 млн гектарға дейін ұлғайтылды. Қосымша Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында, сондай-ақ елорданың жасыл белдеуі аумағында үш авиациялық патрульдеу нүктесі өрістетілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мақсат Елемесов мәлімдеді.
Қазақстанда өрт жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр
Елімізде табиғи өрттердің алдын алу және халықты қорғау бойынша белсенді жұмыс өрт қауіпті кезеңге дейін басталып кетті. Ол үшін Төтенше жағдайлар министрлігі Экология министрлігі, әкімдіктер және басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп кешенді шаралар қабылдады. Бұрынғыдай, өрттің алдын алуға және оны ерте анықтауға басты назар аударылды. Республикалық жедел штаб жұмысын бастады. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Асқар Төлешев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Қазақстанның орман қызметтері жоғары дайындық режиміне көшірілді
Орман және дала өрттерін уақытылы анықтау әрі жедел сөндіру мақсатында табиғатты қорғау және орман мекемелері жоғары дайындық жағдайына келтірілді. Жұмылдырылған күштердің қатарында мемлекеттік орман күзетінің 7 мыңнан астам маманы бар. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар желісі бойынша 4,2 мың қызметкер және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы 3,4 мың қызметкер бар. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а Мақсат Елемесов мәлімдеді.
Халықты сумен қамтамасыз ету: ауқымды жұмыстың қорытындысы мен жоспарлары
Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларды орындау аясында елде қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері негізінде кезең-кезеңімен іске асырылатын жоспар әзірленді. Оның шеңберінде іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, сумен жабдықтау нысандарын салу, сондай-ақ суды тазартудың блокты-модульдік станцияларын орнату көзделген, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Қазақстанда жол сапасын бақылау үшін дрондарды енгізу жоспарлануда
Қазақстанда автомобиль жолдарының жай-күйін бақылауға арналған жаңа буын ұшқышсыз ұшатын аппарат сынақтан өтті. DJI Matrice 400 дронының лазерлік лидармен жабдықталған мүмкіндіктері Ақмол – Воздвиженка – Талапкер облыстық маңызы бар автомобиль жолының учаскесінде көрсетілді. Бұл жаңашылдық жол төсеміндегі ақауларды автоматтандырылған түрде анықтауға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.