Күн жаңалықтары
04.05.2026
Жарияланымдар · 10
Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 халықаралық технологиялық көрмесін аралап көрді. Бұл әлемде цифрлық технологиялар мен инновациялар саласы бойынша ең ірі платформалар қатарындағы GITEX жаһандық экожүйесінің бір бөлігі саналады.
Алматыда GITEX AI Kazakhstan 2026 халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады
Алматыда Орталық Азиядағы жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ең ірі оқиға GITEX AI Kazakhstan 2026 форумы өз жұмысын бастады. «Атакент» ҚСО алаңы мемлекет өкілдерін, халықаралық IT-компанияларды, стартаптар мен инвестициялық қоғамдастықты біріктіріп, цифрлық экономиканың болашағын талқылау және жаңа серіктестіктерді іс жүзінде іске қосу үшін кеңістік қалыптастыруда, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қолға алған Defense Tech жобасы таныстырылды.
Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады
Президент мейманға ілтипат көрсетіп, Presight AI компаниясымен ынтымақтастық жоғары деңгейде екенін атап өтті. Сондай-ақ кәсіпорынның еліміздегі жасанды интеллект саласындағы шешімдерді дамытуға зор үлес қосып келе жатқанына ризашылық білдірді. Мемлекет басшысы нақты бастамаларды іске асыру арқылы серіктестікті одан әрі кеңейтуге айтарлықтай әлеует бар екеніне тоқталды.
Мемлекет басшысы Dubai World Trade Center атқарушы вице-президенті Трикси Лохмирмандты қабылдады
Кездесу барысында Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту және халықаралық технологиялық платформалар аясындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды.
Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директоры Ли Кай Фуды қабылдады
Әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Кай Фудың Қазақстанда жоғары технологиялардың дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті. Бизнесмен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес жұмысына белсенді түрде атсалысып келеді және Мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі.
Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысын өткізді
Алматыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті.
Иран компаниясы Қазақстанда май өңдеу зауыты мен құс фабрикасын салады
Еліміз агроөнеркәсіптік кешенде инвестициялық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып келеді. Шетелдік инвесторларды тарту жұмыстары аясында ирандық Golrang Industrial Group компаниясымен май экстракциялау зауытын және етті бағыттағы құс фабрикасын салу туралы екі ірі жобаны жүзеге асыру үшін келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бөледі
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу желілері мен ЖЭО жабдықтарын жөндеуге резервтен шамамен 1,8 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Ұлттық жоба көмір генерациясының отын-логистикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді
Көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында көмір генерациясының ұзақ мерзімді және теңгерімді отын-логистикалық базасын қалыптастыруға бағытталған кешенді шаралар көзделген, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.