Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

05.05.2026

Жарияланымдар · 15

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық қатынастар туралы шарт ратификацияланды

19:18Жаңалықтар

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты

Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы мергендер клубының базасында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды. «Скит» дисциплинасында финалда сәтті өнер көрсеткен Әсем Орынбай қарсыластарын басып озып, чемпион атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

17:37Жаңалықтар

«Батырларға тағзым» порталында 705 мыңнан астам майдангер туралы дерек жинақталған

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Батырларға тағзым» онлайн-порталын толықтыру жұмыстарын жалғастырып келеді. Жоба былтыр бастау алып, Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан қазақстандықтардың ерлігі мен жанкештілігі туралы болашақ ұрпаққа құнды ақпаратты жеткізуге бағытталған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

16:54Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Xinjiang Lihua компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихайды қабылдады

Кездесу барысында Қазақстанда толық өндірістік цикл жолға қойылған мақта-мата кластерін жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

16:23Жаңалықтар

Қазақстанда қуаты 200 МВт дейінгі дата-орталық салу туралы меморандумға қол қойылды

GITEX AI халықаралық технологиялық форумы аясында Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Dornan Engineering Group пен Ample Solutions Hong Kong (Turner Company) компанияларынан құралған халықаралық консорциуммен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

15:09Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі негізгі медициналық орталықтарды жаңғыртуды күшейтуде

Жоғары технологиялық медицинаны дамыту және балалар денсаулығы саласының инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасады. Негізгі назар заманауи диагностика мен емдеу әдістерін енгізуге, медициналық жабдықтарды жаңартуға және бизнес құрылымдармен әріптестікті кеңейтуге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

14:25Жаңалықтар

Алдағы жылыту маусымына дайындық үшін Үкімет резервінен 25 млрд теңге бөлу мақұлданды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде өткен жылыту маусымының қорытындысы мен алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

12:49Жаңалықтар

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды

12:36Жаңалықтар

Айбек Дәдебай Президент Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды

12:33Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Мемлекет басшысына ЕЭК қызметінің басты бағыттары және Қазақстанның 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалығы барысында іске асырылатын жобалар жайында баяндалды.

12:24Жаңалықтар

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда бұрын пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл жұмыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес атқарылуда, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

11:25Жаңалықтар

5 мамыр – Халықаралық акушер күні

Акушерлік іс – медицина саласындағы ең жауапты әрі құрметті мамандықтардың бірі. Бұл – күн сайын үлкен жанқиярлықты, терең білім мен рухани беріктікті талап ететін еңбек.

11:19Жаңалықтар

Сурдлимпиадада жүлде алған 32 спортшы мен олардың 42 жаттықтырушысына 5,5 млрд теңге көлемінде сыйақы төленді

Үкімет қаулысына сәйкес резервтен халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшылар мен жаттықтырушыларды ынталандыру үшін шамамен 5,5 млрд теңге бөлінген. Қаражат 2025 жылы Токиода өткен XXV жазғы Сурдлимпиадада жүлде алған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын марапаттауға бағытталды. Барлығы 32 спортшы мен 42 жаттықтырушы сыйақы алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

11:13Жаңалықтар

Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша сегіз ЖЭО тәуекел аймағынан шықты

2025-2026 жылдардағы жылыту маусымы ірі технологиялық бұзушылықтарсыз тұрақты режимде аяқталды. Өткен кезеңнің қорытындылары мен энергия нысандарының техникалық жай-күйі туралы Үкімет отырысында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

10:19Жаңалықтар

Жетісу өңіріндегі жылу желілерін жөндеуге Үкімет резервінен 5,7 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты сенімді жылумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Жетісу облысыныі орталығы Талдықорған қаласында жылумен қамту нысандарын салу жобаларына шамамен 5,7 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:00Жаңалықтар